Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде «Бастау Бизнес» жобасы негі-зінде несие алып, нәсібін қамдап, кәсібін дөңгеленткендердің қарасы мол-ақ. Ағымдағы жылдың 10 қазанында Көкпекті ауылындағы ескі «Қонақ үй» ғимаратында ветеринарлық дәріхана ашылды. Атап айту керек, бұл бұрыннан келе жатқан қажеттілік болды және бұл мәселе Көкпекті ауылының тұрғыны Бақытбек Құнанбаев арқылы шешілді.


Биылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» «Бастау Бизнес» жобасы іске асырыла бастады. «Бас-тау Бизнес» бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру принциптерін үйретуге, олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау бизнес» жобасы аясында жұмыссыз және кәсібін бастаған кәсіпкер жастар оқи алады.
Ветеринарлық дәріхананың ашылу салтанатына аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Е.Сәрсембаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұқашев, Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті аудандық филиалының қызметкерлері дәріхананың жағдайымен танысып, оң бағасын берді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы: - Ауданымызда бой көтеріп отырған осы мал дәріханасының берері мол. Қазіргі кезде мал ауаулары біршама өсіп келеді, осының алдын-алу үшін осындай дәріхана аудан тұрғындарын қуантады деп ойлаймын. Болашақта бұл мал дәріханасы үлкен ғимаратқа ұласып, тұрғындардың көңілінен шығып, халыққа қызмет ете берсін демекпіз,- деп өз лебізін білдірді.
Шынымен аудан тұрғындарына берері мол дәріханадан барлық төрт түлік малдың дәрісін табуға болады. Осы дәріхананың негізін қалап, ойын жүзеге асырып отырған, келуші тұрғындарға қызмет көрсететін Бақытбек Алғазыұлын сөзге тартқан болатынбыз.
- Бұл мал дәріханасын өзім көптен бері жоспарлап, жүзеге асырғым келіп жүрген болатын. Бүгін, міне, жемісін көріп отырмын. Қазіргі кезде мал дәрісінің 200-ден астам түрі бар. Бағасы қаланың дәріханасының бағасымен шамалас. Бізде жоқ дәрілерді, тұрғындарға алдын-ала тапсырыс беру арқылы қаладан алдырып беретін қызмет жұмысы да қарастырылған.
Біздің дәріхана сағат 09.00-18.00-ге дейін жұмыс істейді. Дәріхананың есігі барлық тұрғындарға ашық. Тапсырысты 8 771 512 79 07 телефоны арқылы беруге болады, – деді.
Ел игілігіне ашылған бұл мал дәріхана халықтың ойынан шығады деп ойлаймыз. Дәріханада ауылшаруашылық малдарға және мысықтар мен иттерге арналған барлық дәрілер сатылады. Сонымен қатар, шыбын, маса және кеміргіштерге қарсы улар да табылады. Керекті дәрі болмаса, оған тапсырыс беруге болады.
Бұрын көкпектіліктер мал дәрісін алу үшін қалаға барып, не тапсырыс беру керек болса, қазір оларды аудан орталығынан сатып алу мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда, адамдар ауданда ветеринарлық дәріхана ашылғанына өте қуанышты.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз