Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Туған жер» ұғымы – адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Әдетте, туған ауылынан жырақта тұратын ер-аза-маттар қайтып оралғанда сү-йіспеншілігі терең-деп, өз ауылына қызмет етуге деген құлшынысы артатыны рас.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ауылымызға әкім болып келген Шұғылбайдың төл тумасы Қайрат Алғазиновтың халықпен етене араласып кетуінің өзі туған ауылға деген үлкен махаббаттың белгісі. Қайрат әкім болып келгеннен бері ауылымыздың көркі кіріп,ел ішіндегі немқұрайдылық пен тек өзімде болса болдыдеген ой сейілгендей.

Алғашқы танысу,ұйымдастыру жұмыстарынан кейінгі бастамасы - ауылдағы көп балалы аналарға арнап ұйымдастырылған шара болды.Үйден қадам аттап шыға алмайтын қарт аналарға өзі барып құттықтап, сый-сияпат көрсетіп, аналардың алғысын,ақ батасын алды. Жас әкім ауылдағыүй-үйді жаяу аралап, қарт, мүгедек адамдардың қал-жағдайларын сұрап,мұқтаж жандарға қолынан келгенінше көмек қолын созуға тырысады.Соның бір дәлелі жүрегіне екі рет ота жасалған Ғалия Мұсағазинаның төбесі түсіп тұрған үйін жөндеуге адамдарды ұйымдастырып, көмек беріп,жалғыз басты ананың және ауылдастарының ризашылығына кенелді.
Биыл ауылымызда көп жылдан бері тек мектеп ұжымы мен әкімшілік қызметкерлерімен аталып қана өтіп жүрген Ұлыстың Ұлы күнін шұғылбайлықтар айрықша салтанатпен қарсы алды.І.Жансүгіров атындағы орта мектептің ауласына ағылған ауыл тұрғындарының көңілдері көтеріңкі,ұйымдастырылған шараға ризашылық білдіріп,әйелдер арасындағы жаяу жарыс, гир,қап,қой көтеру сияқты ойындарға қатысып, белсенділік көрсетіп,жүлделеріне риза болыс-ты. Көктемнің, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі қарсаңында волейбол, баскетбол жарыстары, қолөнер шеберлерінің көрмесі, жас орындаушылар байқауы, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс қою сайысы да жоғары деңгейде өтті. Әкімнің ұйымдастыруымен құрылған киіз үй мен алтыбақан салтанаттың сәнін келтірді. Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға жиналған халық ұлттық тағамдардан дәм татып, жастар тілек айтты, үлкендер бата берді. Ал кешкісін спорттық ойындардан жарыстар болды. Ол тұрғындармен қандай іс болса да үнемі басы-қасында. 9 мамыр мерекесінде ауылдағы қарт ардагерлерді құрметтеуі, өз елін, жерін сүйген азаматқа лайық істердің бірі емес пе? Ауылдың тазалығына басты назар аударып, «Ең үздік аула» атты сайыс жариялап, көркейтуге арналған «Жасыл ел» бағдарламасын да қолға алды. Әр отбасына тал әкеліп таратып, ауыл мекемелерінің маңайын жасылдандыруға септігін тигізді. «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша да жұмыстар жүргізіп,ауылынан жырақта жүрген жандардың ауылдың көркеюіне үлестерін қосуға,туған жерге деген патриоттық сезімдерінің артуына қолдау көрсетуде.
Көшелерді жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Көше бойында шамдар жарқырап,ауыл тұрғындарын тағы бір мәрте қуантты.Көктем мезгілінде ауылға кіре беріс жолда жүрудің қиындығы жолаушылар мен жүргізушілердің мұң-зары сүйегіңді сырқырататын еді.Қайратымыз осы мәселені шешуге бел жаза кірісіп,тыным таппай ұйымдастырып,ауыл және кәсіпкер азаматтардың белсенділігімен жолды жөндеп,көзімізді ашқандай болды. Жылда мектеп аясында өткізіліп,әкімшілік қызметкерінің қатысуымен сол тараптан кіші-гірім сыйлықтармен ғана шектелетін 1 маусым мерекесі де биылғы жылы бүлдіршіндеріміздің есінде ұзақ сақталатындай өтті десек артық айтпаймыз. Киіз үй құрылып, таза ауада асыр салып ойнаған балалардың жүздері бал-бұл жанды.Барлығына дерлік тәттілер мен балмұздақтар таратқандағы қуанышты жүздерін көрсеңіз! Мектеп директоры Ж.Ерботин бастаған мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар болып сайысқанда балалардың жағында болған Қайрат ағаларын құшақтап, жеңіске жеткендеріне мәз болысты.Осындай пәк көңілді, ақ жүректі балалардың жүрегіне жол тапқан Қайраттың алдына қойған жоспарлары да аз емес.
Ауылға әкім болып келгеніне 4-5 ай ғана болса да қыруар жұмысты атқарып, елдің ризашылығына бөленіп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат екеніне көз жеткіздірді. Осылай, көпшілік көңілінен шығып, біршама жұмыстарды атқарып үлгерген Қайратқа артар сеніміміз мол. Істеген істері және алдағы уақыттарда атқаратын жоспарлары мен бастамаларына қолдау көрсетіп,қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Ауыл халқымен тіл табыса білетін, ел көңілінен шыға алатын адам - нағыз ер емес пе? Осындай асыл азаматтарымыз көп болса екен. Сөз соңында «Әкім бол,халқыңа жақын бол» деген сөз Қайратқа арнап айтылғандай дегіміз келеді. Ортақ істе – оңды нәтижелерге жете бер! Талабыңа нұр жаусын, ауыл әкімі!


Шұғылбай ауылының тұрғындары

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз