Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Отан алдындағы борыш - қасиетті ұғым, әрбір азаматтың міндеті. Әскерге барып, Отан қорғау ісіне машықтану, шыңдалу, Қазақстан қарулы күштерінің қатарын толықтыру - патриоттық іс.
Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз әлемдік стандарттарға сай білімді, шетел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық даярлықтың шеберлері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен айтқанда, нағыз әскери элитаны қалыптастыру болып табылады. Қарулы Күштерді құрудың бастапқы кезеңіндегі өзекті проблемалардың бірі - ұлттық кадрлардың жетіспеушілігі болды.

Сондықтан да Елбасы біздің алдымызға отандық әскери білім және ұлттық кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі қайта құру жөнінде міндет қойды. Бүгінгі таңда бұл міндет табысты жүзеге асырылды деп айтуға болады. Қазір елімізде отандық білім беру жүйесі толық қалыптасты.
Ел Тәуелсіздігіне ширек ғасыр толды. Осы жылдардың жетістігі болар, еліміздің айбынды әскері бар. Бұрын расында әскерден қалудың амалын іздейтін азаматтар, қазір әскери міндетті өтеуге асығатын болды. Бұл да болса тәуелсіздігіміздің жемісі деп білеміз. Айбынды әскеріміздің беделді қызметі бәрінен де биік тұр. Әскери қызметке шақырту жұмыстарына тоқталсақ, Көкпекті ауданының Қорғаныс бөлімі де жыл сайынғы әскерге шақыру науқанын ойдағыдай өткізіп тұрады. Сонымен қатар, біздің бөлім мектептердегі әскери-патриоттық клубтармен тығыз байланыста жұмыстар атқарып отырады.
Тағы бір жағымды жаңалық, біздің аудынымыздың сарбаздары тек қана әскери борыштарын абыроймен өтеп елге оралуда. Атап айтатын болсам, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №2038 Әскери бөлімшесінде борыштарын өтеген үлкенбөкендік Айдос Испаев, көкпектілік Рустам Ихатов және Маринагорка ауылынан Ерасыл Отаровтар «2 дәрежелі Шекара қызметінің үздігі» медалімен ауданымызға оралды. Осындай па-триоттарымыз болғанына мақтанамыз.
«Қандай жағдай болмасын, елімізді, ата-бабамыздың асыл мұрасы – жерімізді, қазақ елін қорғауымыз керек. Еліміздің егемендігін сақтау – біздің әрқайсысымыздың борышымыз» дейтін азаматтарымыз көп болсын.


Айнаш Қайыпжан,
Қорғаныс бөлімінің іс жүргізушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз