Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әскери қызмет қашанда өзін-дік маңызы мен жауапкершілігін арқалай отырып, халық арасында жоғары мәртебеге ие болып отыр. Қатаң тәртіп пен тәлімді тәрбиенің үлгісін көрсетіп, ел ертеңіне қызмет ететін жандардың көп болуы, жастардың әскери тәрбиеге жақын болуы оңды іс. Осы орайда елімізде бірқатар жобалар қолға алынған. Негізгі орта мектептерде 5-8 сынып оқушыларына арналған әскери дайындық негізін қалыптастыратын кадет сыныптары ашылған.
Бір жыл бұрын ауданымызда ШҚО Білім беру басқармасының «Дарынды мектеп» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шығыс ұландары» атты кадет сыныптары ашылған болатын. Кадет сыныптарының басты көздеген мақсаты тәлім алушылардың біліктілігі, мәдени қыры, физикалық және спорттық жағынан дамуы, қоғамға бейімделуі және болашақта Отан алдындағы борышын қайраттылықпен орындайтын, болашақ сарбаздарды даярлау болып табылады.

Сонымен қатар, кадет сыныбы алдағы уақытта әскери салада білім алып, «Жас ұлан» ұлттық гвардиясына барғысы келетін балаларға дайындық сыныбы ретінде қажетті көмек көрсете алады. Аталмыш сыныптар қазақ елінің әскери мәдениетін жас өркенге сіңіре отырып, дұрыс тәрбие берудегі бірден бір дұрыс бағыттардың бірі болып отыр.
Ауданымыздағы Көкпекті орта мектебіне қарасты кадет сыныбында 14 оқушы бар. Жас болса да жалындары жүздерінде ойнап, әскери қырағылықты әлден бойларына дарытқан жас қырандардың жетекшілері, офицер-тәрбиеші Талғат Тұрсынов оқушыларының алдағы уақытта бағындырар асулары биік болатынына сенетін айта келе, қазірдің өзінде жеткен жетістіктерімен бөлісті:
- Кадеттердің білім алу жүйесніе әскери техникалық және физикалық дайындық, әскери істер негізі, топография, қоян-қолтық ұрыс, гимнастика мен хореография кіреді. Балалар әскери қолданбалы және құқықтық бағыттағы пәндерді, саптық даярлық негіздерін оқиды. Нақтырақ айтсақ, саптық дайындық, атыс өнері, тактикалық іс-қимылдар, әскери-медициналық көмек, әскери жарғы талаптары, топографияның қыр-сыры, із кесудің өзіндік ерекшеліктері сияқты пәндерге қазірдің өзінде балалар қызығушылық танытып отыр. Ал адамгершілік тәрбие, мәдениеттану негіздері жеткіншектерді қайырымды болуға баулыса, самбо мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері оларды шымырлыққа үйретеді. Келесі оқу жылына да үлкен жоспарларды алға қойып отырмыз. Алдағы уақытта қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 3 кадет сыныбы ашылатын болады. Биылғы жылы кадеттердің оқу жылының аяқталуы мектептегі оқу жылының соңымен қатар келді. Оқу нәтижесі бойынша 3 үздік және 4 жақсы оқитын оқушымыз бар.
Талғат Борашұлының айтуынша, аз уақыттың ішінде ұландар саптық дайындық, басқа да түрлі жаттығуларды ойдағыдай еңсеріп, қажетті тәжірибе алып үлгерді. Соның арқасында, аудан көлемінде өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Сонымен қатар, облыстық «Алау» әскери-спорттық ойындарына қатысып, жалпы командалық есепте 5 орынға тұрақтады. Сол жарыста «Өрістегі минаны жою» бойынша 1 орын алып, 31 секундта нәтиже көрсетіп, Жас Ұлан рекордын жаңартты. Облыстық қысқы спартакиадаға қатысқан 14 топтың ішінен топ жарып, көкпектілік ұландар жүлделі 3 орынды еншілеген. Аудандық әскери-спорттық «Жас Қыран» сайысында кадеттеріміз 1 орын иеленді. Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған «Жас кадеттер слетінде» өздерінің қарым-қабілеттерін тағы бір мәрте аңғартты. Одан бөлек, ағымдағы жылда кадеттер сыныптағы оқулары мен мектеп бағдарламасынан бөлек мектеп базасында ұйымдастырылған түрлі үйірмелерге қатысады. Сонымен бірге, ауданымызда өткізілетін сайыстар мен байқауларда, көрмелерде және көпшілік іс-шараларға белсене атсалысып келеді.
- Келесі оқу жылына қойылған мақсаттардың ең маңыздысы ол тәлім алушыларды өз бетінше өмір сүруге дағдыландыруға да-йындау болып табылады. Олардың өздігінен шешім қабылдап, пікірін айқын білдіре алатын азамат ретіндегі қасиеттерін қалыптастырып, заманауи қоғамда өзіндік орны бар тұлға болуларын қамтамасыз ету. Келешекте олардың әрқайсысы Қазақстан әскерінің қатарында сарбаз болуға дайын болулары қажет, - дейді Талғат Борашұлы.
Ал, жас сарбаздар өздерінің кадет сыныбында оқитындарына мақтанатындықтарын жасырмады. Жүректерінде Отанға деген париоттық сезім үлкен орын алған олар болашаққа деген жоспарлары Қазақстан әскерінің болашағымен байланысты. Барлық оқушылармен армандары бір Елдар Ермеков пен Бекжан Жексембеков өздерінің мақсаттарымен бөлісті.
- Біз өзіміздің кадет сыныбында оқитындығымызға қуаныштымыз. Бұнда оқу бізге алдағы уақытта әскерге барғанда және үлкен өмірде де септігін тигізеді. Сонымен қатар, қатаң күн тәртібі, спортпен айналысу мүмкіндігі бар болғаны көңілімізден шығады. Кадет сыныбында біздің уақытымыздың тиімді өтуіне бағытталған түрлі қосымша үйірмелер бар. Олардың барлығы біздің ортақ Отанымызға деген ұлы сезімдерді оятуды мақсат тұтқан. Бұл жерде біздің білім алуымызға, өз-өзімізді ұстауымызға және саптық дайындығымызға баса назар аударылады. Біз әр жаттығуды барынша дұрыс орындап, берілген білімді оңды қабылдауға тырысамыз. Себебі, бұл біздің ертеңгі үлкен әскери өміріміздің бастауы болады.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз