Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Полиция қызметкері – физикалық тұрғыда мықты, жүйкесі берік және шапшаң әрекет ете алатын, барынша адал және әділетті адам болуы тиіс. Әрдайым байқағыш және жақсы психолог болуы шарт. Ол топтың ішінде күдікті тұлғаны бірден анықтап, дер кезінде тәртіп бұзу оқиғаларын болдырмауға қабілетті тұлға. Бұл саланың тізгінін ұстау үшін арнайы мамандандырылған білімнен гөрі, берік азаматтық ұстаным мен жүректілік қасиеттері қажеттірек.


2005-2009 жылдары Семей мемлекеттік педагогика институтында педагог-психолог мамандығында білім алған Азамат Оспановтың қалауы ел қорғаушылар саласында қызмет ету екенін ешкім білмесе керек-ті. Тәмамдаған мамандығы бойынша Көкпекті орта мектебінде жұмыс істеп жүріп, 2010-2011 жылдары құқықтану саласында білім алады. 2012 жылдан бастап, азаматтықтың алдас-панын ұстап, ерлікке ұмтылған ел азаматы Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінде полиция айдауылы қызметіне кіріседі.2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. «Жалпы, учаскелік полиция инспекторының міндеті қоғамдағы қылмыстың алдын алу, азаматтардың алаңдауына еш себеп болмауын қамтамасыз ету болып табылады. Менің қарауымда Ұзынбұлақ, Ажа, Шәріптоғай және Көкпекті сияқты 5 ауыл бар. 1800 адамның тыныш ұйқысына тікелей жауапты тұлға ретінде сезінемін өзімді. Дәл сол себепті әр апта сайын ауылдарға барып, қадағалап отырамын», - дейді Көкпекті ауылының тумасы, аға лейтинант Азамат Маратұлы. Сонымен қатар, күнделікті кешкі сағат 8-ден түнгі 1-ге дейін түнгі патрульге шығады. Ондағы мақсат, маскүнемдерді құрықтау, кейін оларды арнайы емдеу орындарына тапсыру, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзулардың алдын алу болып табылады. Осы орайда, полиция қызметкеріне айтарлықтай көмек беріп отырған мектеп мұғалімдерін де айта кетпесе болмайды. Жастардың тәрбиесіне үлес қосып, олардың болашағына бей-жай қарамайтын мұғалімдер учаскелік полиция инспекторымен бірге түнгі рейдтерге бірге шығады.
Бүгінде 2 балаға тәрбие беріп отырған Азамат Оспанов «Баланың бо-йына ең алдымен отансүйгіштікті, адалдық пен еңбекқорлықты сіңіру қажет. Мен балаларымның, сонымен қатар барлық жас ұрпақтың ел игілігіне қызмет ететін отаншыл рухтағы азаматтар болып өсуін қалаймын», - дейді.


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз