Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өз тағдырын ел тағдырымен ортақ деп тү-сінетін, ұлты бөлек болса да қазақпен тонның ішкі бауындай болып, етене араласып, тіпті туыстасып кеткен Стеша апай (ауылдастары атап кеткен), шын есімі Стефанида Николаевна Виничук, бүгінде еңбегінің зейнетіне бөленіп отырған жандардың бірі. 40 жылдан астам өмірін Көкпекті ауданының бұрынғы Ивановка совхозы, Романовка, бүгінде Ажа деп аталатын ауылында фельдшерлік қызметке арнаған аяулы ана.


Ауыл мектебінен 7 кластық білім алған жас қыз арман қуып, Семей қаласындағы педучилищеге түспекші болады. Алайда, ұстаз болу туралы арманы орындалмай, ауылдан бірге барған достарымен бірге емтиханнан өте алмай қайтып оралады. Өткен өмір жолдарын еске ала отырып, Стеша апай әңгімесін жалғай түсті. – Менің ұлтым болгар болады және менің әке-шешем, арғы ата-бабаларымның туған жері осы Романовка. Әкем Дядов Николай Федорович пен анам Прасковья Николаевна қарапайым шаруа отбасы болатын. Осындай жанұяда аумалы-төкпелі кезеңде, яғни, 1938 жылы дүниеге келген менің де балалық шағым сұрапыл соғыс жылдарына сәйкес келіп, тағдырлас балалардың басынан өткен ауыртпалықты мен де бастан өткергенім рас. Иә, солайша мұғалім болуға деген талабымның тауы шағылған соң, ауылға келіп, аудандық ау-руханаға санитарка болып жұмысқа орналас-тым. Алғашқы кезде Валентина Васильевна Дружкова, Людмила Ивановна Уколова сияқты тәжірибелі фельдшерлердің жанында бірге жүріп, науқастарға ем жасауды, екпе егу мен көктамырға дәрі құюды меңгеріп алдым. Сол жылдары аудан орталығында 2 жылдық медициналық курс ашылып, 25 адам содан білім алдық. Курста Төребаев Ерлан Зекенұлы, Пятенова Александра Васильевна, Тыщенко Николай Николаевич сынды біліктілігі мол дәрігерлер бізге дәріс беріп, теория мен тәжірибені қоса үйрететін.
1955 жылы Украинадан комсомолдық жолдамамен тың жерлерді игеруге келген 300-дей жастың ішінен Виктор Сидорович Виничук деген жігіт екеуміз қол ұстасып, 1957 жылы отау құрдық. Бақытты отбасында Валерий, Владимир атты екі ұл, Ольга есімді қыз сүйдік. Өкінішке орай, көп ұзамай арқа сүйер азаматым жол апатынан көз жұмып, 29 жасында бізді тастап кете барды. «Орнында бар оңалар», деген ғой, шүкір, бүгінде жолдасым Виктордың ұрпақтарынан 5 немере, 7 шөбере сүйіп, бақытқа кенеліп отырмын, - дейді сексенді еңсеріп қалса да тың көрінетін, қос жанары мейірімге толы Стеша апай.
Фельдшерлік мамандықтың тереңіне бойлап, өз ісіне шын жүрегімен беріле, сүйіп атқаратын, Гиппократ антына берік Стефанида Николаевна ауылдастарының басы ауырып, балтыры сыздағанда тәуліктің қай мезгілі болмасын үнемі жанынан табылатын. Оның шипалы алақаны мен ізгілікке толы жаны талай қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа ем болып даритын, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсетін. Ол, тіпті, көптеген сәбидің кіндігін кесіп, кіндік шешесі болған. «Құдыш деген кісінің 5 баласының кіндігін мен кескем», деп күледі фельдшер апамыз. Ол кісі зейнеткерлік жасқа келсе де өзінің көмегін ешкімнен аяған емес. Көрші-қолаң, туған-туыстарына медициналық жәрдем беруден жалықпайды. Кезекші чемоданы бүгінгі күні де іші толы дәрі-дәрмегімен дайын тұ-рады екен.
Қазақстандай бірлігі бекем, тірлігі тұрақты елде қазақтай кеңпейіл халықпен қоян-қолтық араласып, оның тілінде іркілмей сөйлей алатыны Стеша апайды одан сайын сүйкімді де құрметті ете түседі. Ол кісі Қазақ Елін қай ұлт өкіліне қатысты алсаң да бірдей мүмкіндіктер елі деп санайды. Бұл - өлкемізде тұратын өзге де ұлт өкілдеріне де тән қасиет екені шындық. Саналы ғұмырын жерлестерінің денсаулығын сақтауға, оларға қамқор болуға арнаған абзал ана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен барша көкпектіліктерді құттықтап, мызғымас достық пен баянды тірлік, мықты денсаулық тілейді.


Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз