Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан халқының қауіпсіздігін сақтау - Елбасы Жолдауындағы маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде алыс-жақын шетелдегі жағдайларға қарап, түрлі оқиғаларға даяр болу міндет екеніне көз жеткізіп келеміз. Табиғат апаттарын да естен шығармаған жөн.
Төтенше жағдайда адамдарды аман сақтап қалу - басты мақсат. Осы орайда, адамдардың денсаулығы, қоршаған орта және шаруашылық нысандарға залал келтірілуіне жол бермеу қажет. Өйткені, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды төтенше жағдайлар мен олардың туғызған зардаптарынан қорғау, мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі балып саналады.


Осы мақсатта Көкпекті ауданы Төтенше жағ-дайлар бөлімінің жоспары бойынша бас инженер Руслан Ахметзәкидің қатысуымен қазанның 11 күні Самар ауылындағы Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде Төтенше жағдайлар кезінде білім ошағынан адамдарды эвакуациялауды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.
Мектептің алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Асылбек Қалиұлы Асаубаевтың айтуынша, мектеп ұжымына, оқушыларға алдын-ала оқу-жаттығу өткізілетіні туралы ескертіліп қойған.
Жаттығу басталар алдында Руслан Тайырұлы оқушыларға «төтенше жағдай» дегеннің мағынасын түсіндіріп, оған адам баласы қандай дайындық жасау керек екенін айтып берді. Сонымен қатар, төтенше жағдай болған кезде (өртте, жер сілкінісінде, су тасуда, т.б.) қандай іс-әрекет жасау керек екені жөнінде дәріс берілді. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар кезінде адамдар ең бастысы сабыр сақтағаны жөн. Үрейге еркіндік беріп, абдырап-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Оқушылар сілкініс кезінде мектепте қауіпсіз, қауіпті жерлерді атап өтті, бірнеше сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жаттығу кезінде мектептегі оқушылар және де мұғалімдердің дабылға сәйкес, дер кезінде шығып үлгеруі, сынып жетекшілерінің мемлекеттік құжаттарды қалдырмай алып шығуы сияқты талаптар қойылды, қауіпті жағдайда өздерін ұстай білу машығын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. Ғимараттағы барлық есіктер ашылып, сыныптарында отырған оқушылар мен мұғалімдер сыртқа шығарылып, мектеп ауласында сапқа тұрғызылды.
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Асыл-бек Қалиұлы, мектеп ішінде ешбір оқушы қа-лып қалмағанын тексеру үшін мұғалімдер мен оқушыларды түгендеді.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, осындай қиын сәттерге кез-келген азамат дайын болу қажеттілігі жөнінде дәріс оқылды.
«Ауданда табиғи апат туындайтын жағдай бола қалса, халықты аман сақтау мақсатында алдын-ала дайындық және оқыту жұмыстарын жүргізу артық болмайды. Мұндай оқу-жаттығулар мектептерде жиі жасалады және ескертусіз жүргізіледі», - дейді Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі.


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз