Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Иә, менің әкем Жақыт Шүкейұлы соғысқа аттанған бес ағайындының арасынан аман оралған жалғыз еді. 1918 жылы Ақсуат ауылында дүниеге келген, кейін ата-анасымен Көкпекті ауданына көшіп келіп, 1939 жылы әскер қатарына шақырылды. Әскери борышы аяқталып, елге аттанғалы тұрғанда соғыс басталып, бірден Белорусс майданына тап болады. Австрия, Венгрия, Чехияны азат етуге қатысқан әкем 1944 жылы қатты жараланып, госпитальға жатады.


Госпитальдан шыққан ол абайсызда жау қолына түсіп, бірақ одан аман-есен құтылып, 1946 жылы 7 жыл бойы көремегн туған еліне оралады. Кеудені, иықты оқ тескен, көрмеген азабы қалмаған, бірақ рухы жаншылмаған әкем елге келген соң тез оңалып, қатарға қосылды. «Кебін киген келе ме, кебенек киген келе ме», - дегендей, үш ағасы Бижақып, Мамырбай, Жақыпбектен «қара қағаз» келсе, бір ағасы Мамырбек хабарсыз кетті. Тірі адам тіршілігін жасайды. Көп ұзамай жары Төлеутай екеуі қол ұстасып, шаңырақ көтерді. Шүкейдің аман қалған ұлы Жақыттың босағасынан алты ұл, 3 қыз өрбіді. Өзі де тынымсыз жан ауылдағы бар жұмысты істеп жүрді.Сатушы, қойма меңгерушісі, есепші болды, бірақ соғыс салған жарадан денсаулығы сыр бере бастаған соң, таза ауада қой бағуды жөн деп санады. Әкеміздің басынан өткерген қиындығы өте көп еді. Сұрапыл соғыстағы ерліктері үшін алған «За отвагу», «За взятие Варшавы», «За Победу», «За взятие Берлина» медальдарымен марапатталды. Ал мерейтойлық медальдардың ішінде «10 лет Победы» деген медаль ғана алып үлгерді.
1964 жылы ардақты әкеміз 45-тен 46-ға қараған жасында қайтыс болды. Қазіргі күні осы үлкен шаңырақтан төрт бала жер басып жүр. Олар ұлдары Бейсенбек, Қайырбек, қыздары мен – Файруза және сіңілім Гүлшира.
Жыл сайын Жеңіс мерекесі күні соғыс ардагері болған әкеміз Жақытты, тыл еңбеккері анамыз Тайтөлеуді сағына еске аламыз. Біз оларды мақтан тұтамыз. Әке-шешеміздің өмірін ұрпағымызға өнеге етіп, үнемі айтып отырамыз. Жеңіс күні мерекесінде «Мәңгілік полк» шеруіне қатысып, әке аруағын тағы да бір жаңғырттық. Бұл біздің, ұрпақтарының, әке алдындағы парызы.
Файруза Жақытқызы, зейнеткер,
Самар ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз