Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1986 жылы сәуір айында Украинада Чернобыль атом электр станциясының 4-энергоблокта апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивті ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Солардың арасында біздің ауданның да азаматтары бар еді. Олардың ішінде аса қауіпті жерде болған М.Жамангутов Припятьтан оралғаннан кейін алты айдан кейін көз жұмды. Талай боздақ осылайша алған сәулеленуден ауыр науқасқа шалдығып, қатардан шыға бастады. Олардың бірі жақында ғана көз жұмған Б.Сейсенбаев. Біздің ортамызда жүрген Чернобыль апатын жоюшылардың дені мүгедектер деп саналады. 

Мұрат Біләлұлы Жоңқабаев 1956 жылы 13 тамызда Самар ауылында дүниеге келген. 1973 жылы оқуды аяқтай салып, бір жылдай Самар «Казсельхозтехника» мекемесінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеп, 1974 жылы әскер қатарына шақырылады. 1976 жылы азаматтық борышын өтеп қайтқан Мұрат Біләлұы Саратовка ауылшаруашылығы техникумына оқуға түсіп, оны аяқтаған соң 1980 жылдан өзі еңбек жолын бастаған мекемеде техник-механик қызметін жалғастырады. Үйленіп, жаңа өмірге аяқ басқан шағында Отан алыс әрі қауіпті сапарға шақырды. Аяқ астынан болған апат зардабын жоюға сол 1986 жылдың күзінде аттанды. Припятьта грейдерші болып еңбек еткен ол 4 ай мерзімнен соң туған елге оралды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген Б.Жоңқабаев қазір де еңбек жолын «Дүсіпов» шаруа қожалығында өндіріс басқарушысы болып жалғастыруда.
Өнерхан Оразұлы Еңсебаев 1966 жылы 14 қаңтарда Күршім ауданы, Теректі ауылында туған. 1973-1983 жылдары орта мектепте оқыса, 1984-1986 жылдары Украина жерінде Чернобыль АЭС-інде әскери борышын өтеген.
Әскер қатарынан оралып, жүр-гізушілік курсын оқиды. Үйленіп, екі бала тәрбиелеп отыр. Сол жылдардан бері жүргізуші болып еңбек еткен ол Самар ауылына қоныс аударғанша сол жұмысын істеді.
Қазіргі күні Самар спорт модулінде күзетші болып еңбек етіп жүр. Апат болған кезде алғашқылардың бірі болып сол маңда болғандардың қатарында болған Өнерхан Оразұлы нағыз ардагер саналады.
Василий Григорьевич Кутузов - 1951 жылы 13 ақпанда Лайлы ауылында туған. 1959-1967 жылдар аралығында Палатцы ауылындағы сегізжылдық мектепті аяқтап, ерте бастан СМУ – 4 мекемесінде еңбек ете бастады. 1969 жылы әскери борышын өтеуге шақырылып, Отан алдындағы азаматтық міндетін Шымкент қаласында атқарды. Ауылға оралған соң жүргізуші мамандығын игерді, одан кейін құрылыс мекемесінде тас қа-лаушы болып, шебер атанды. 1980 жылы отбасын құрып, бір балалы болды. 1988 жылы Чернобыль апатының зардаптарын жоюшылар қатарында Украинаға аттанды. Алты ай қауіпті аймақта өткізген ол елге аман оралып, бұрынғы жұмыс орнына келді. Мекеме жабылғанша сонда алдыңғы қатарлы құрылысшы болды, кейін мектепке от жағушылыққа орналасты. Сәулелену әсері бәрібір өз дегенін істеп, 2003 жылы қатты ауырған ол Алматы әскери госпиталінен бірақ шықты. Дәрігерлік комиссия бірауыздан «сәулелену салдарынан болған науқас» деген шешім шығарып, 2 топтағы мүгедектік жәрдемақы тағайындады.
Василий Павлович Гордеев - 1957 жылы 26 қазанда Мос-ковка ауылында дүниеге келген. 1973 жылы мектепті аяқтаған соң, қазіргі агротехникалық колледж, сол кездегі СПТУ-151-де тракторшы-машинист мамандығын алып шықты. Жасы жеткен соң әскери борышын өтеуге шақырылған ол екі жылдан кейін туған елге оралды. 15 жылдай ПМК-22 құрылыс мекемесінде тас қалаушы ретінде еңбек етіп жүрген жігіт 1987 жылдың мамыр айында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға аттанды. Оның мамандығы бұл жерде аса қажет еді. Екі ай еңбек еткен ол көзге түсіп, Мақтау қағазын алып қайтты.
Айтқали Қапасұлы Жүнісов 1960 жылы 30 наурызда туған, ЧАЭС тегі апатты жоюға жіберген ұйым Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті аудандық қорғаныс бөлімі. Айтқали Қапасұлы Чернобыль АЭС-дегі жою аймағынан 30 км жерде дизактивация жұмыстарын жүргізген. Апат кезінде Белоруссиядағы Гомельский, Хайникский аудандарын және Новоселовка поселкасын мекен еткен. Қазіргі таңда Айтқали Тассай ауылдық округінде тұ-рады. Отбасында Динара мен Қайраттың ардақты әкесі, Нұр-сұлу атты жұбайының адал жары, Тимур атты немересінің ақылшы атасы болып өмір сүруде. Өкінішке орай, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз. Айтқали ағаның Тассай ауылында «Қапас» атты дүкені және шаруашылығы бар.
Айдар Сейілқұмарұлы Тоқ-тасынов - 1965 жылы 15 ақпанда Көкжыра ауылында туған. Айдар 1985 жылы әскер қатарынан оралған соң, алаңсыз жұмыс істеп жүрді. Әлі үйлену ойында да жоқ еді. Чернобыльға үйленбегендерді алмайды дегенімен, Айдар Сейілқұмарұлы 1987 жылдың мамырында аттанып кетті. Ол жерлесі В.Гордеевпен бірге барып, бірге қайтты. Бір жерде жұмыс істеді. Сол кезді ол есіне алғанда былай дейді: - Біз екі ауысымда - түске дейін және түстен кейін жұмыс істейтінбіз. Жұмысқа барып келген киімді бірден шешіп, жаңа киім киетінбіз. Бар-жоғы екі ай ғана болдық, өйткені әлі де қауіп сейілген жоқ еді. Ауылда тірі жан болған жоқ, тіпті құстар да, құрт-құмырысқа да жоқ еді. Бізге бірден бара сала мойнымызға тұмар сияқты алқа тақты, ал күнде жұмысқа барарда «карандаш» тағып, келген соң өткізіп отыратынбыз. Ол біздің радиациялық ахуалымызды бақылайтын құрал еді. Ауыз су тасымал болды. Сағат жүрмей тоқтап қалатын. Ауаның ластығынан шылым шегетін адамдар шыдай алмай шылым тартуды қойып кетті. Ұлы Отан соғысында қаншама зардап шексе де, Украин халқы кереметтей төзімді ғой. Біз сол ауылдың маңында жергілікті халық қасиетті санайтын ағашты барып көрдік. Оны табиғаттың өзі үлкен крест сияқты қылып өсірген. Сол ағашқа неміс фашистері талай адамды дарға асыпты. Осындай тарихы бай, жері жомарт, табиғаты әсем өлкенің адам айтқысыз қасіретке душар болғанына жаның ашымай тұра алмайсың, - дейді ол. Екі айдан кейін оралған Айдар үйленіп, қазір екі қызынан жиен сүйіп отырған жағдайы бар. Денсаулығы сыр берсе де, қатардан қалмайды. Ол үшінші топтағы мүгедектікке жәрдемақы алады.
Сансызбай Қайырғазыұлы Құрманов, 1956 жылы 12 желтоқсанда Самар ауданы Чудское ауылында туған. 1975 – 1977 жылдары әскери борышын өтеп қайтқан жас жігіт ПМК – 24 құрылыс ұйымына құрылысшы болып жұмысқа орналасты.
Ойда-жоқта оны Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысуға шақырды. Әскери міндетті азамат Отанның үндеуімен бауырлас украин халқына көмек қолын созу үшін аттанып кетті. Мұнда құрылысшы қолы аса қажет еді. Жұмыс жылдам әрі сапалы атқарылатын. Бірақ өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан жігіттер барын салды. Сансызбай Қайырғазыұлы дәл реактордың өзінде жұмыс істеді. Бұл өте қиын еді, бірақ төзді.
Оның еңбегі еленбей қалған жоқ, 1988 жылы Чернобыль АЭС апатын жоюға белсенді қатысқаны үшін Украин қалалық комсомол комитетінің Мақтау грамотасымен марапатталды.
Әділбек Көшербайұлы Кө-шербаев - 1956 жылы 3 қаңтарда Қарағандыкөл ауылында дүниеге келді. Әкесі Шолтабаев Көшербай, шешесі Шолтабаева Гүлсім. 1964 жылдың 1 қыркүйекте Көкпекті балалар үйіне тәрбиеленуге өткізілді. 1972 жылы 8 жылдық мектепті бітіріп Үлкенбөкен ауылындығы СПТУ-ға түсті. 1975 жылы СПТУ-ды бітіріп тракторист мамандығын алып шықты. 1975 жылы 11 желтоқсанда әскер қатарына алынды. Әскери борышын № 5728 бөлімде атқарды. 1977 жылы әскерден келіп, Қарағандыкөл совхозында 1989 жылға дейін тракторист болып жұмыс істеді. 1989 жылдың 29-ші қыркүйекте Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан құтқару жұмыстарына қатысты. 1990 жылы Чернобыльдан оралып Қарағандыкөл ауылында малшының көмекшісі болып жұмыс істеді. Отбасын құрмаған. Денсаулығына байланысты 3 топтағы мүгедек.
Қайрат Қажияқпанұлы Қай-молдинов - 1968 жылы 15 нау-рызда Семей облысында туған. Орта мектепті аяқтаған соң әскери комиссариаттың жолдамасымен байланысшы мамандығын оқыды. 1986 жылы әскер қатарына ша-қырылып, Украинаға түседі. Соңғы кездері Қайрат жерлес қарулас достарының түрлі мәселелерін шешуге атсалысып жүр. «Жақында ғана көкжыралық М.Жамангутов марқұмға «Чернобыль батыры» атағы берілді», – дейді. Самар ауылында тұратын В.Гордеевке барынша көмек қолын созуда. Оған жақында барып комиссиядан өтуге және мүгедектік топқа жатқызуға мүмкіндік болатынына қол жеткізіпті.
Мырзабек Төлегенұлы Санатов - 1965 жылы 31 қаңтарда Үлкеннарын ауданының Свинчатка ауылында дүниеге келді. 1974 жылдан бері Мариногорка ауылында тұрады. Осы жерде 1983 жылы орта мектепті аяқтап, сол жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1985 жылы елге оралып, кешегі жауынгер жүргізуші мамандығын алды да, «Мариногор» кеңшарында жұмыс істей бас-тады. 1987 жылдың қаңтарында Украинаға 6 айға Чернобыль атом электр станциясында болған апатты жоюға қатысушылар қатарында шақырылды. Қашанда өз ісіне жауаптылыққа тәрбиеленген жас жігіт бөлім командирінің алғыс хатына ие болды.
Қазіргі күні Мырзабек Төле-генұлы «Әкежан» деп аталатын шаруа қожалығына басшылық жасап отыр. Екі ұл тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Қарағанды қаласында әскери полиция қатарында қыз-мет етуде, ал кішісі Өскемен қаласында политехникалық кол-леджінің студенті.

Клара НҰРПЕЙІСОВА,
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз