Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 99-шы қадамын орындау үшін «мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту қажет» деп мәлімдеген болатын. Осыған орай елімізде «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданды. Заңда қамтылған нормаларда айтылғандай, ендігі жерде қа-лың бұқараның мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жасаудың жаңа тетіктері заңдық тұрғыдан шегенделіп, биліктегілер қоғамдық кеңестердің алдында есеп беретін болады.

– Алдағы уақытта құзыреті күшті қоғамдық кеңестің келісімінсіз әкімдіктер қазына қар-жысының кірісі мен шығысын ғана емес, маңызды шешімдерді өздігінен қабылдай алмайтын болады. Біздің ауылдық округте құрылған қоғамдық кеңестің де атқарар міндеттері зор болып тұр, - дейді Самар ауылдық округі әкімшілігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңес төрайымы Э.Степанова.
Қоғамдық кеңестер Президенттің тапсырмасына орай құрылып отыр. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде ұсынған «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа» атты бағдарламасында Мемлекет басшысы төмендегіше атап көрсетті, біріншіден, мемлекеттік органдар басшыларының есептілігі тәжірибесін кеңейткен жөн.


Екіншіден, «ашық үкімет» тетігі арқылы мемлекеттік органдар қабылдаған шешімнің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Көпшілік ақпаратқа деген қолжетімділікті, қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту өте маңызды. Тұтастай алғанда, қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдармен, жүйелі қоғамдық бақылау ұйымдарымен бірлесе әрекет ете отырып, қоғамның мүддесін танытуы тиіс.
Бірақ, бұл – министрліктер мен әкімдіктер өз қызметтерін ойдағыдай атқара алмай отыр деген сөз емес. Қоғамдық кеңестер ілгері жылжудың бір тетігі іспеттес. Ұлт жоспарына сай мемлекетті басқару жүйесі біртіндеп жетілдіріліп отырады, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттары тәжірибеге енгізіледі.
- Қоғамдық кеңес құрамында мемлекеттік орган өкілдері де, азаматтық қоғам өкілдері де болуы керек. екен. Тіпті, соңғыларының қатары жалпы құрамның үштен екісін құрауы тиіс. Біз де осы қағидатты басшылыққа алып, Қоғамдық кеңес мүшесі 6 адамнан сайланды. Кеңестің екі отырысы өтіп, онда біз ауылдың даму жоспарына енгізілетін, қаржы жұмсауды қажет ететін жұмыстарды қарастырдық. Болашақта бұл жұ-мыстар атқарылады деген сенім бар. Әрине, біз оның атқарылуына, қаржының жұмсалуына бақылау жасаймыз, - дейді Эмма Яковлевна.
Кеңес мүшелері ең алдымен ауылды абаттандыру, жастардың демалыс орындарын ашуды көздеп отыр. Сонымен бірге, жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлденең және тұйық көшелерге жарық тарту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Мұның бәрі болашақта атқарылатын істер, оған жұмсалатын қаржы сіз бен біздің төлейтін салық болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеттерінің бірі– орталық және жергілікті атқару органдарының және өзін өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту. Яғни, азаматтық қоғам тарапынан мемлекеттік ор-гандардың қызметін бақылау ғана емес, сондай-ақ, жұмыла әрекет ету және көмек көрсету. Мысалы, бюджет бойынша шешім қабылдайтын тұста. Ал азаматтық қоғаммен жұмысын нақты жолға қоя білген мемлекеттік органдар үшін Қоғамдық кеңес таптырмайтын көмекші болары сөзсіз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз