Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 30 наурызында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиа-лының мәжіліс залында аудандық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен өсім-діктер карантині саласы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық ұйымының төрағасының орынбасары А.Әңкебаева, Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ә.Мұқашева, жергілікті полиция бөлімінің басшысы
Ф.Мавлютов, «ҚР ҰІМТҚҚК ШҚО ТҚҚ депар-таментінің Көкпекті аудандық ТҚҚ бақармасы» РММ басшысы Г.Абдрасулова, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Укешова және тұқымдық, отырғызу материалдарын саудалаумен айланысатын кә-сіпкерлер қатысты. Дөңгелек үстел барысында өсімдіктер карантині саласы бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын саудалау кезіндегі заңдылықтарды сақтау мәселелерін тілге тиек етті. Кіріспе сөзді аудандық аумақтық инспекциясы басшысы С.Қасымханов бастап, бүгінгі өтіп жатқан дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті.
- 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Республика көлемінде «Көшет» үш айлық акциясы жарияланғанын, оның басты мақсаты тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын тасымалдау кезінде карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің Қазақстан Республикасы аумағына еніп кетуден қорғау, - деді Серік Тоқтажанұлы.
Сонымен қатар, маусымдық кезеңнің басталуымен аудан ау-мағына әкелінетін тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын карантиндік объектілер және бөтен текті түрлермен залалдануы, сондай-ақ отырғызу материалдарының қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігі, тасымалдану және сау-да-саттық кезінде тексерілетінін айтып өтті. Дөңгелек үстел барысында аумақтық инспекция басшысы жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер карантині саласындағы қызметі мен міндеттері, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндірді.


Аталмыш шара барысында, аудандық аумақ-тық инспекциясының бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Қ.Дүкенов:
«Карантинге жатқызылған өнім деген не? Өсімдіктер карантині саласы бойынша каран-тиндік бақылауға және қадағалауға жататын объектілерге нелер жатады? Ішкі сауда орындарын тексеру жұмыстары қалай жүргізіледі? Карантинге жатқызылған өнімдерді шет елдерден, облысаралық және облыс аудандарынан тасымалдау қалай жүргізіледі? Тұқымдық және отырғызу материалдарын тасымалдау және саудалау кезінде заңдылықтарды сақтамау қандай жауапкершілікке әкеледі?» – деген бірқатар сұрақтарға толықтай жауап берді.
Дөңгелек үстелді аудандық аумақтық инспек-циясының басшысы С.Қасымханов қоры-тындылап, карантиндік фитосанитариялық бақы-лауға және қадағалауға жататын объектілер тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын саудалау кезіндегі заңдылықтарды сақтау үнемі басшылыққа алынуын талап етті.
Өсімдіктер карантині саласында дөңгелек үс-телге қатысушыларды бірлесе жұмыстар атқаруға шақырды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз