Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 нау-рыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасында «Асыл әжем – ақ әжем» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты жас ұрпақ бойына ата-баба салт-дәстүрін сіңіріп, аналар мен әжелерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу. Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Бұл күні Г.Бекбердинова немересі Әмина, А.Қиялбаева немересі Алтынай, Қ.Бейсенбаева немересі Бұлбұлмен бірлесіп сайысқа түсті. Сайыс барысында әжелеріміз өз өнерлерін аянбай ортаға салып, салт-дәстүрлерді үлгі ететіндей келешек ұрпақтың бойына сіңіре білді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз де қарап қалған жоқ. Олар әжелерінің мерейін үстем етіп, би билеп, ән салды.
Ыңғайлы сәтті пайдаланып, Көкжайық ауылын-дағы барша ақжаулықты аналар мен аруларды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңызға береке-бірлік, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін.
Ш,Байсақалова, тәрбиеші,
«Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз