Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап «Қамқоршы күнін» атап өту қалыптасқан, бұл күнді Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте де жылдағы дәстүрге айналды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза», - дегендей, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Мектебімізде мерекеге байланысты «Жан жылуы» атты «Қамқоршы күніне» арналған қайырымдылық акциясы өтті.
2015-2016 оқу жылында мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушылар саны - 83. Олардың ішінде әлеуметтік көмек алатындар 6 оқушы (3 отбасы), жағдайсыз отбасындағы оқушылар 14 (8 отбасы), жалғызбасты аналар тәрбиеленуінде 15 оқушы (13 отбасы), жалғызбасты әкелер тәрбиеленуінде 4 оқушы (4 отбасы), көпбалалы отбасындағы оқушылар 38 (20 отбасы), қамқорлықтағы оқушылар 6 (5 отбасы).
Іс-шараға өзгелерге үлгі болатындай, ерлігімен танылған қамқоршылар К.Қылжықова, Р.Солтанбекова, К.Атамбаева, Б.Мұқашев және Г.Смағұлова келді.
Іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Апсадықова қатысып, іс-шараның шымылдығын ашып берді. Сонымен бірге, Самар ауылдық округінің әкімшілігінің бас маманы Нұрпейісова Гүлсара Әнуарбекқызы келген қонақтарға ыстық ықыласын білдіріп, қамқоршыларды марапаттап, сыйлықтар табыстады. Қамқоршылардың атынан Рауза Тұрсынбекқызы сөз сөйлеп, көпшілікке алғысын білдірді.
Халқымыз қашанда ұрпағына дегенде жүрек жылуын аямайтын дархан көңілімен, жомарттығымен ерекшеленген. Сондай көңілі кең, жаны жайсаң ағаларымызды атап өткен жөн – Сәния Ислямова, Есенбек Мәмбетов, Нұрзада Шәпибаева, Бағлан Құмарова, Бақыт Сембинова, Самарқан Жотабаев, Альмира Шақпантаева, «Дәншік» балабақшасының ұжымы, Самар ПБ, ауданаралық аурухана ұжымдарына қол ұшын беруге атсалысқан демеушілерімізге, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп басшыларына алғысымыз шексіз.
Шара барысында оқушылар концерттік бағдарлама дайындады. Кездесу өте мазмұнды да мағыналы өтті.
С.Советова,
әлеуметтік педагог,
Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз