Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылдық округінде Күршім аудандық «Жан Шуағы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен жалғысбасты қарт адамдарға мерекелік іс-шара өткізіп, өз сыйлықтарын табыс етті. Бұл ұйым 2015 жылдың маусым айынан бастап 25 жалғызбасты қарт адамдарға қызмет көрсете бастады.

Бастаушы, Көкжота, Палатцы, Тассай, Миролюбовка, Аққала ауылдық округінен жалғызбасты қарт адамдар тіркеуге алынып, әлеуметтік қызметкерлер жұмысқа қабылданып, қызмет көрсете бастады. «Жан Шуағы» қоғамдық ұйымының басшысы Ж.Сембаев мырзаға қарт адамдардың.

айтар алғыстары шексіз. Осы ұйымның арқасында әлеуметтік қызметкерлер қарт адамдарға аптасына екі реттен барып қызмет көрсетіп отырады. Мерекелік іс-шараға барлық қызмет алушы қарт адамдар әлеуметтік қызметкерлермен келіп қатысты. Мерекелік дастарханды жақсы ән мен тәтті одан сайын әрледі.
Қарт адамдар өз тілектерінде осы шараны ұйымдастырушы Ж.Сембаев мырзаға, өздеріне көңіл бөліп, қамқорлыққа алған Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында екенін жылы лебіздері арқылы білдіріп жатты.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар, деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлап өткендей, қарияларымызды ардақтап, құрметтеуден танбайық.
А.Идришева, әлеуметтік қызметткер

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз