Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанда KAZSAT-2 2011 жылдың жазында іске қосылып ұшырылғанда, сондағы төрт теледидарламалық (көтеріңкі қуатты) транспонлерге теледидарлама мен радио хабарын тікелей тарату ұлттық желісін көшіру қарастырылған болатын.
Желінің беріктігін көтеру үшін Астана қаласында сақтық қабылдау-тарату жерсеріктік стансасын құру жоспарланды. Қазақстандық мазмұнын үлкейту жобасына сай, отандық DVB-S2/MPEG-4 қабылдағыштарды өндіру істері жасалынып, іске қосылды.


Хабар тарату ұлттық желісінің жазылушыларының санын анағұрлым көбейту болжамында 2011—2014 жылдар арасында 300—350 мың қондырғы, басқаша айтқанда 6,3 мыңнан 54 есе өсіру үшін, «OTAU TV» («Отау ТД») — теледидарлама мен радио хабарын эфир және жерсерік арқылы тарату жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық операторына — «Қазтелерадио» АҚ қарасты сауда белгісі берілді.
Жер-жерде «Отау ТД» жерсеріктік қондырғыларын сату және орнату бойынша диллерлер таңдалып, олар тұрғындарға, әсіресе ауыл тұрғындарына ұлттық телерадио хабарларын жерсеріктік телерадио арналары арқылы тарату жүктелді. Көкпекті ауданында Көкпекті және Самар ауылдарында да диллер тағайындалды. Самар ауылында кәсіпкер Ғалия Мұқайқызы Сегізбаева «АйДиТехникс» дүкені арқылы сата бастады. 2011 жылдан бері 449 дана қондырғы сатылып, осынша абонент тіркелген. Жылдар бойынша таратып айтсақ, 2011 жылы - 58 абонент, 2012 - 89, 2013 - 132, 2014 - 96, 2015 – 74 абонент жерсеріктік теледидарламаға қосылған. Самар өңірінде Жұмба, Құлынжон, Бастаушы, Мариногор, Бастаушы, Қарақол, Подгорное ауылдарында жерсеріктік телебағдарламаны көрушілер көп шоғырланған. Қайыңды ауылында алғашқы кезде барлығы орната бастап еді, кейін тоқтады. Сарыбел, Самар, Миролюбовка, Палатцы ауылдарында әлі де аз. Барлық абоненттер тіркеуден өтіп, оларға тегін 40 арнадан тегін бағдарлама көріп, радиохабар тыңдауға болады. Сонымен бірге, ай сайын 2000 теңге мөлшерінде төлем төленсе, 100 арнаға дейін көруге болады.
Базалық тегін 40 арнаға Қазақстан Республикасындағы танымал телеарналар Балапан, Асыл Арна, Казспорт, ТДК-42, КТК, НТК, СТВ, Мир және т.б., сондай-ақ, барлық облыстық телеарналар: Қазақстан—Ақтау, Қазақстан-Ақтөбе, Қазақстан-Атырау, Қазақстан-Қарағанды, Қазақстан-Көкшетау, Қазақстан-Қостанай, Қазақстан-Қызылорда, Қазақстан-Орал, Қазақстан-Өскемен, Қазақстан-Павлодар, Қазақстан-Петропавл, Қазақстан-Тараз, Қазақстан-Шымкент жатады.
Ұлттық телеарналармен бірге қазіргі күні құны айына 2000 тұратын «Элит» ақылы топтамасын қосқанда ресейлік және шетелдік танымал телеарналарды да көруге болады, мысалы ол телеарналардың ішіндегі мыналарды атап өтуге болады: Discovery World, Discovery Science, Боец, National Geographic Channel, Nat Geo Wild, Авто 24, Охота и рыбалка және басқалары.
«Жаңалықтың жаршысы, мәдениет пен өнердің қайнаған қазаны болып саналатын телеарналар бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі ең пәрмендісі. Сондай-ақ, кез-келген мемлекеттің ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында қызмет атқаратын телеарналар мемлекеттің саяси идеологиясын да жүзеге асыратын теңдессіз күш. Осы ретте "Отау ТД" сандық жерсеріктік жүйесінің қазақы нақышқа сай ұлттық дүниелерді көрсетіп, қазақ тілінің дамуына қосып жатқан үлесі орасан зор екендігі осы бес жылға жуық уақытта белгілі болды. Елбасымыздың өзі, "Отау ТД" сандық жерсеріктік жүйесінің тиімділігін ескеріп, жауапты сала басшыларына халық арасында аталмыш телеарнаның қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осының өзі отандық телеарнаның қазақ қоғамы үшін маңыздылығын айшықтайды», - дейді кәсіпкер Ғалия Мұқайқызы.
- Өзіміз отбасымызбен "Отау ТД" сандық спутниктік жүйесіне бір жыл бұрын қосылған едік. Отандық спутниктік телеарнаға қосылған сәттен Ұлттық тілді, салт-дәстүрді насихаттауда телеарна қызметкерлерінің еңбегі бірден байқалды. Күндізгі көрсетілімдерде қазақ тарихы мен ұлттық құндылықтарға бай өлкелер тынысындағы жаңалықтарды, қазақтың ұлттық ойындарын көрсету арқылы жастарды әлемдік өркениетке жетелейтін телеарна көңілімізден шықты. Бұған дейін, қазақылық менталитеттен алыстау өзге арналардың өнімін тамашалап келген болатынбыз. Біздің отбасымызға "Отау ТД" сандық спутниктік жүйесінің халық игілігіне іске қосылғандығы қазақ ұлтының өсіп-өркендеу жолында мемлекеттік саясаттың жемісті жүргізіліп жатқандығын аңғартты. Қазақтың аңыз-әңгімелері желісі бойынша қазақша мультфильмдерді көрсететін телеарнаны кішкентай бүлдіршіндеріміз де сүйсініп көреді. Отандық телеарнадан сапалы ақпараттармен сусындап қана қоймай, айтыс секілді ұлттық өнерімізді де жиі тамашалаймыз. "Отау ТВ" отандық теларанасының өзге спутниктік желілерден айырмашылығы да осы. Болашақты тәрбиелеуші негізгі тетіктердің бірі, ақпарат толқынының алтыны атты бағаға ие болған отандық телеарна - ұлттық өнердің жанашыры, ертеңге мұра болар тарихты аман сақтаушы һәм насихаттаушы, - дейді ауыл тұрғыны Қайрат Жұмәділұлы.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз