Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан 2023

09 Қазан 2023

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар. Осы жылы алғаш рет мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанда мерекеленді. Осылайша дүниедегі ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіретін бұл мереке - Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті қаулыны Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған болатын.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара аудандық мәдениет орталығында өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырған шараға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, саналы ғұмырын білім саласына арнап, шәкірттерін білім шыңына бастаған озық ойлы ардагер ұстаздар, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының мамандары қатысты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз