Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

03 Наурыз 2021

АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

Көктемнің алғашқы күні - Қазақстан халқы үшін айтулы күнге айналып, еліміздегі ұлттық күнтізбе тағы бір мерекелі датамен толыққан күн. 1 наурыз - Алғыс айту күні. Сонау қасаң замандарда Қазақстан жеріне қоныс аударылып, бүгінгі күні татулықтың түтінін түтетіп отырған түрлі этностардың байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқына терең тағзымының белгісі.

Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар депортацияланды. Түрлі этнос өкілдерін вагондармен ашық далаға әкеп тастады. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық танытты. XX ғасырдың басында Қазақстанға Беларусь, Ресей және Украинадан 1,1 миллион адам қоныс аударды, ал 1930 жылдары ұжымдастыру барысында 250 мың шаруа жер аударылып, тағы 1,2 миллионға тарта адам өнеркәсіп нысандарын тұрғызуға келген. Олардың бәрі Қазақстанда орнығып, қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге еңсерді. Сондықтан елдегі мерекелер қатарының Алғыс айту күнімен толығуы игілікті іс болды. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.

Read more

КӨКПЕКТІ ӨНІМДЕРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА

Облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері жиі өткізіліп, өнімдер базар нарқынан төмен бағада сатылу дәстүрге айналуда. Халықты арзан өнімдермен қамтуды көздеген шара 20 ақпанда Өскемен қаласында өтті, жәрмеңкеге Көкпекті ауданы қатысты.

Жәрмеңке жұмысын жіті қадағалаған ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арзандатылған бағамен саудаланған өнімдерімен жеке танысып, ел әлеуетін арттыруға арналған игі шараның басы-қасында болды.

Read more

ІНДЕТТІҢ ӨРШУІ ТӨМЕНДЕДІ

Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ұсынған мәлімдеме бойынша Көкпекті ауданында ағымдағы жылдың 15-25 ақпан аралығында COVID-19 жұқтырудың 6 жаңа жағдайы тіркелді.
Бұл жаңа жағдайлар Көкжайық (1), Үлкенбөкен (2) және Самар(3), ауылдарында тіркеліп отыр. 5 науқаста коронавирустық инфекция белгілері болса, 1 науқаста симптомсыз түрі анықталған. Індетпен ауырғандардың арасында бір бала бар.
Көкпекті ауданында коронавируспен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, барлық тұрғындарды профилактикалық және санитарлық шараларды сақтауға шақырамыз. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз.

Read more

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН АРДАГЕРЛЕР

Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңында аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен зейнеттегі ардагерлер  арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жарысқа қатысушы ардагер спортшылар спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық шараның ашылу салтанатына дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, бас маман С.Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мукашев, спорт ардагерлері қатысты. Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңында өткен бұл жарыс ардагерлер мен жас ұрпақты салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы спортымен айналысуға шақыру мақсатын көздеді. Жалпы жарысқа 10-ға тарта адам қатысып, қатысушылар 1 шақырым қашықтықта сынға түсті.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз