Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

08 Маусым 2020

КҮН САНАП КӨРКЕЙГЕН САМАР

Ауылымыздың аумағы жыл сайын өсіп, көркейіп келе жатқаны баршаңызға белгілі. Біз бұған қуаныштымыз. Әсіресе, оңды өзгерістерге алғашқы болып жағымды бағасын беретін туған өлкесін сағынып, алыстан ат басын бұратын қонақтар екені анық. Олар ауданымызға жайлылық пен жылылық сыйлаған тындырымды жұмыстардың нәтижесін бірден байқайды.

Осыдан екі жыл бұрын ауданның жаңа басшысы лауазымына тағайындалған Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарының негізгі мәселелері - тұрғындардың мәдени-бос уақытын өткізуге арналған орындардың болмауы, саябақтардың, балалар алаңдарының жетіспеуі екенін атап өткен болатын. Ауыл көшелері жеткілікті абаттандырылмаған – тротуарлар мен бордюрлер жоқ, көшелерді жарықтандыру да көңіл көншітерлік жағдайда емес. Осы қатарлы түйткілдердің шешімін табу өзекті тақырыптар қатарына қойылған болатын.
Осы міндеттерді жүзеге асыру және аудан әкімінің басқа да тапсырмалары негізінде өткен жылдан бастап Абай ескерткіші, музыкалық субұрқақ, Орталық алаң - Самар ауылының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналуда. Олар орнатылған сәттен бастап жаңа нысандарды абаттандыру және қайта жаңарту жұмыстары басталды. Аудан әкімінің күш-жігерінің арқасында облыстық бюджеттен аталмыш мәселелерге қаржы бөлінді.
Аудан басшысының ауылды көркейту, көгалдандыру жұмысына қанша қаражат бөлгені және осы кезеңде қандай шаралар атқарылатыны туралы Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Фазылұлы Кудербаев әңгімелеп берді:

Read more

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Биылғы 2019-2020 оқу жылы сәтті аяқталды. Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп бар. 2019-2020 оқу жылын 11 сыныптан 187 оқушы, 9 сыныптан 141 оқушы тәмамдап шықты. 

Аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен 2019-2020 оқу жылының аяқталуы мен ҰБТ-ның өту барысы төңірегінде болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Құрметті Шолпан Нұрғазықызы, биылғы жылы ҰБТ-ның ерекшелігі қандай болмақ? Ауданымызда ұлттық бірыңғай тестілеуге қанша түлек қатысады?
- 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді, алайда тестілеу кезіндегі жауапкершілік күшейтіледі.
2019-2020 оқу жылының соңында Көкпекті ауданының мектептерінде 187 түлек бітірсе, олардың 71%-ы немесе 134 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Ауданда 21 түлек «Алтын белгіге» және 5 түлек Үздік аттестатқа үміткер.
2020 жылы түлектердің білімі міндетті және бейіндік пәндер бойынша бұрынғы шкаламен бағаланады. ЖОО-ға қабылдау рәсімі біршама өзгереді, жаңашылдықтар енгізілді.
Егер оқуға түсуші шекті балл жинамаса, ол бірінші сессия аяқталғанға дейін ақылы бөлімге түсуге құқылы болады. Осыдан кейін студент тестті бір жыл бойы қайта тапсыра алады. ҰБТ-ның маусым айындағы нәтижесі бойынша қағаз емес, электронды сертификат беріледі.

Read more

ДАУЫЛ САЛДАРЫНАН БІРНЕШЕ АУЫЛ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

Көкпекті ауданында қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Дауылдан зардап шеккен Көкпекті, Тассай, Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдарында 8 әлеуметтік нысанның, 30-дан астам жеке тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып кетті. Сондай-ақ электр желісі бағандары мен ағаштардың құлаған жағдайлары тіркелді.
Бұл туралы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және мобильдік дайындық бөлімінің басшысы Расул Сарманов хабарлады. Адам шығындары мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аудан бойынша дауыл салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Read more

РӘМІЗДЕР - АСҚАҚ АЙБЫНЫМ

Осыдан тура 28 жыл бұрын Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.      4 маусым ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде белгіленді. Еліміздің басты нышаны халқымыздың: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық, бостандық, күш және жарқын болашаққа ұмтылу құндылықтарын бейнелейді. Алтын, көк түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз әрбір қазақстандық үшін ерекше ыстық, құнды нышан болып саналады. 

Жыл сайын Көкпекті ауданы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Бірақ осы жылы коронавирус пандемиясы қалыптасқан дәстүрді толық көлемде ұстануға мүмкіндік бермеді. Алайда, Көкпекті ауылының бастамашыл жас-тары Толағайдың биігін бірге бағындырып, Қазақстанымыздың көк байрағын тау биігіне көтерді. Ал таудың шыңында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі Фархат Маратұлы туған жерге деген сүйіспеншілікпен оның сұлу табиғатын жырға қосты. Осылайша, Көкпекті АПБ, айтыскер-ақын Фархат Маратұлы, Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Әлижан Артықбаев бастаған жастар Отанға деген асқақ патриоттық сезімдерін білдірді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз