Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан тура 28 жыл бұрын Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.      4 маусым ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде белгіленді. Еліміздің басты нышаны халқымыздың: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық, бостандық, күш және жарқын болашаққа ұмтылу құндылықтарын бейнелейді. Алтын, көк түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз әрбір қазақстандық үшін ерекше ыстық, құнды нышан болып саналады. 

Жыл сайын Көкпекті ауданы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Бірақ осы жылы коронавирус пандемиясы қалыптасқан дәстүрді толық көлемде ұстануға мүмкіндік бермеді. Алайда, Көкпекті ауылының бастамашыл жас-тары Толағайдың биігін бірге бағындырып, Қазақстанымыздың көк байрағын тау биігіне көтерді. Ал таудың шыңында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі Фархат Маратұлы туған жерге деген сүйіспеншілікпен оның сұлу табиғатын жырға қосты. Осылайша, Көкпекті АПБ, айтыскер-ақын Фархат Маратұлы, Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Әлижан Артықбаев бастаған жастар Отанға деген асқақ патриоттық сезімдерін білдірді.


Мемлекеттік Рәміздер қабылданған сәттен бастап қазақстандықтардың барлық жеңістері мен жетістіктері олармен байланысты болды. Отандастарымыз әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың Жеңіс жолдарында Қазақстанның туын мың мәрте көкке көтеріп, адамзаттың қолы жетпес биік шыңдардан желбіретуге барын салды.
Айдана Байсақалова, полиция лейтенанты, кадр саясаты тобының инспекторы:
- Мен аудан тұрғындарын осы ұлы мерекемен құттықтаймын. Ата-бабаларымыздың, ұлт батырлары мен Алаш қайраткерлерінің қасық қаны қалғанша күрескені де осы Тәуелсіздік деген қастерлі ұғым үшін еді. Азаттыққа жету жолы оңайға түспегені ақиқат. Ал қазір біз гүлденген елге айналдық және мемлекеттік рәміздерді мақтан тұтамыз. Ондағы әрбір элемент қазақ халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейді.
Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде - ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Ресми халықаралық іс-шараларда біздің Отанымыздың әнұраны естілсе немесе көк түсті ту көтерілсе, әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриотизм сезіміне бөленеді.
Бұл мереке күні баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік тілей-міз! Қазақстанымыз өркендеп, Тәуелсіздік туы тек көкте желбіресін!

Виктория ГАРМАШОВА 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз