Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың карантин және төтенше жағдай қолданылу кезеңінде коммуналдық қызметтер үшін төлемді төмендету туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 18.04.2020 ж. №212 Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдарға шығындарды өтеу қағидаларын бекітті.Коммуналдық қызметтерді төлеу сәуір және мамыр айларында 15 мың теңгеден келесі санаттағы азаматтарға төленетін болады:
- 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;





