Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

02 Наурыз 2020

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР - БАҚЫЛАУДА

Самар ауылдық округінде өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында шұғыл шешімді талап ететін өзекті мәселелер қаралды. Жергілікті қоғамдастық жұмысына аудан әкімі А.С.Смаилов, оның орынбасары М.Қ.Теміржанов, округ әкімі А.Ф.Кудербаев, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ шақырылған жауапты тұлғалар қатысты.

Күн тәртібіне бірінші болып «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» жанындағы мәйітхана ғимаратын пайдалану туралы мәселе шығарылды. Мекеменің бас дәрігері Е.Ф.Зиядановтың айтуынша, күн жылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мәйітханаға 4 млн.теңгеден астам сомаға Тоңазытқыш қондырғысын орнату қажет екенін айтты.
Аудан әкімі өзінің орынбасары М.Қ.Теміржановқа осы мәселе бойынша тексеру актісін жасау, жазғы уақытта мәйітхананы толық сәйкестікке қалпына келтіру туралы хаттамалық тапсырма берді.

Read more

ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНДЫ

22 ақпан күні аудан орталығында ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі жұмысын жандандырды. Биылғы жылдың кезекті жәрмеңкесі жұпыны өтті. 2-3 ауылдық округтен басқалары төбе көрсетпеді. Есесіне халық көптен күткен жәрмеңке жұмысын көруге аудан әкімі Асхат Смаилов өзі келді. Аудан басшысы жәрмеңкеде көзбояушылық болмауын, өнім бағасы мен сапасы халыққа тиімді әрі қолжетімді болуы керектігін қатаң ескертті.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша бұл күні тек Көкпекті, Тассай, Теректі, Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев атындағы, Биғаш ауылдық округтері өз өнімдерін саудалады. Атап айтсақ, Теректі: сиыр еті - 100 кг, сүт – 30 литр, май -10 кг, жұмыртқа - 300 кг, қаз еті -10 дана, үйрек еті – 5 дана, құрт – 10 кг, ірімшік - 10 кг, қатық – 10 кг, тауық еті- 5 дана.

Read more

ҚАЙСАНОВ - ҚҰРЛЫҚ ЧЕМПИОНЫ

Қазақ елінің спортшылары үшін қашанда әлемдік додада топ жару – қанына біткен қасиетпен тең. Қай байрақты бәсекені алып қарасақ та, елдің беделін биікке көтерер спорт саңлақтардың саны жетіп артылады. Олардың арасында біздің ауданнан жасындай жарқырап жүрген, астын сызып тұрып көрсететін есімдердің де аталып жүргені баршылық. Оған айқын дәлел болатын ауданымызға қарасты Көкжайық ауылдық округінің тумасы, жерлесіміз, спортқа жаны құмар, өмірге деген құштарлығы ерекше байқалатын Данияр Әлібекұлы Қайсановты айтуға болады.

Кіл мықтылар бақ сынасатын бұл жарыс Үндістан астанасы Нью-Делиде өткізілді. Күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында біздің ауданымыздың мақтанышы Данияр Қайсанов та болды. Жалауын көтерген Азия чемпионаты көптеген спорт түрін қамтыды. Ал біздің Данияр әр кезеңнен сүрінбей, қарсыластарын шаң қаптырды.
74 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Ол жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.

Read more

ТОЛАҒАЙ СҰЛТАНЫ – 2020: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Тамыз айында ауданымызда 3 күнге жоспарланған «Толағай сұлтаны 2020» халықаралық мәдени – спорттық сайысы өткізіледі. Бұл туралы 27 ақпан күні Көкпекті ауданының әкімі      Асхат Смайлов ауданның қоғамдық кеңес мүшелерімен, ақсақалдар алқасы және іргелі шаруа қожалық басшыларымен, мекеме және ұйым басшыларымен,  жеке кәсіпкерлермен кездесу барысында айтылды.

Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен кездесуде қаралған мәселе – «Толағай Сұлтаны - 2020» халықаралық сайысына дайындық шаралары. Биыл екінші мәрте өткізілетін халық-аралық деңгейдегі мәдени-спорттық шараны үйлестіруші Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова кездесуге арнайы келген екен.
Кіріспе сөз алған аудан әкімі Асхат Смаилов бірінші кезекте әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар келіп, алыс-жақыннан қадірменді қонақтар мен көрермендер ағылатын шараның маңыздылығына тоқталды. – Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Толағай сұлтаны 2020» мәдени-спорттық шарасын лайықты деңгейде өткізу Көкпекті ауданына үлкен жауапкершілік жүктейді. Былтырғы жылы өткізген тәжірибемізді ескере отырып, кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, халықаралық деңгейге сай кең ауқымда атқару міндет. Сайысқа қатысушы әрбір үміткерге қолайлы жағдай жасау, шақырылған қонақтарға лайықты құрмет көрсету әрбір көкпектілік азаматтар атсалысатын шаруа. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өскелең ұрпақты елжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаны жоғарғы деңгейде атқару елдігімізге сын, - деді аудан басшысы.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз