Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айында ауданымызда 3 күнге жоспарланған «Толағай сұлтаны 2020» халықаралық мәдени – спорттық сайысы өткізіледі. Бұл туралы 27 ақпан күні Көкпекті ауданының әкімі      Асхат Смайлов ауданның қоғамдық кеңес мүшелерімен, ақсақалдар алқасы және іргелі шаруа қожалық басшыларымен, мекеме және ұйым басшыларымен,  жеке кәсіпкерлермен кездесу барысында айтылды.

Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен кездесуде қаралған мәселе – «Толағай Сұлтаны - 2020» халықаралық сайысына дайындық шаралары. Биыл екінші мәрте өткізілетін халық-аралық деңгейдегі мәдени-спорттық шараны үйлестіруші Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова кездесуге арнайы келген екен.
Кіріспе сөз алған аудан әкімі Асхат Смаилов бірінші кезекте әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар келіп, алыс-жақыннан қадірменді қонақтар мен көрермендер ағылатын шараның маңыздылығына тоқталды. – Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Толағай сұлтаны 2020» мәдени-спорттық шарасын лайықты деңгейде өткізу Көкпекті ауданына үлкен жауапкершілік жүктейді. Былтырғы жылы өткізген тәжірибемізді ескере отырып, кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, халықаралық деңгейге сай кең ауқымда атқару міндет. Сайысқа қатысушы әрбір үміткерге қолайлы жағдай жасау, шақырылған қонақтарға лайықты құрмет көрсету әрбір көкпектілік азаматтар атсалысатын шаруа. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өскелең ұрпақты елжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаны жоғарғы деңгейде атқару елдігімізге сын, - деді аудан басшысы.


Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова бірінші кезекте былтырғы сайысты ұйымдастыру барысында жіберілген кемшіліктерге тоқталды. Халықаралық деңгейге лайықты болуы үшін атқарылуы қажет жұмыстарды ашып көрсетті. Аудан халқының береке-бірлігінің арқасында алдағы шара Көкпекті елінің бүгінгі зор әлеуеті мен жарқын жетістіктерін айдай әлемге паш ететініне сенімділік те білдірді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Бек Нұғыбаев нақты қорытындылар жасап, межеленген жоспарларды таныстырды. – 2019 жылы сайысты өткізуге бюджет есебінен қаражат жұмсалған жоқ. Барлық мекеме мен ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, ардагерлер мен жастар, бір сөзбен айтқанда туған жеріне деген сүйіспеншілігі жоғары әрбір азамат біркүндік еңбекақыларын аударып, арнайы қорға қаражат құйып қолдады. Негізгі қаражат көзін құрастырған елжанды азаматтардың есімі көкпектіліктер үшін қашан да мақтаныш. Сайыстың бас жүлдесіне автокөлік ұсынған Болат Бекбердинов, қомақты қаражатпен демеушілік жасаған Ержан Қойгелдин, Владимир Виничук, Жұмабек Күшікпаев, Марат Каликов сынды жомарт кәсіпкерлер. Сондай-ақ, Александр Шинтемиров, Мұрат Жакупов, Қайрат Дүйсембаев, Мұхамет Қалиқанов, Самарқан Жотабаев, Есембек Мәмбетов, Гүлназ Нұрғалиева, Ержан Дүсіпов, Владимир Батраков, Александр Бойков, Қанат Сыдықов, Халел Фахрутдинов, Бауыржан Рапеков, Виктор Лопаткин, Мұрат Игіліков, Жанат Ибраимов, Қанат Тлебалдин, Асқар Қажығалиев және аттары аталмаған басқа да көкпектілік қолы ашық, жүрегі жомарт азаматтар демеушілік етті. Биылғы жылға жоспарлап отырған шаралардың ауқымын ескере отырып, туған жерін сүйетін әрбір көкпектілік сырт қалмас деп ойлаймын, - деген Бек Назарбекұлы негізгі жоспарларға да тоқталып өтті.
Дәстүр бойынша Самар ауылынан бастау алатын шаралар легі еліміздің, аудан тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғаларды ұлықтаудан басталмақ. Жос-пар бойынша Самар ауылында Қарауыл Жасақ Сатыпалды батырдың есімін ұлықтау шаралары, Көкпекті ауылында Абай Құнанбайұлы мен Тана Мырза Тлемісұлының ескерткіштерінің ашылу салтанаты өтеді. Сондай-ақ, 3 күнге ұласатын шаралар барысында дене шынықтыру, сауықтыру кешешінің және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы, Толағай тауының бөктерінде жаппай көкпар ойыны, суретшілер байқауы, ұлттық ат спорты ойындары өткізілмек. Бекітілген толық бағдарлама қосымша жарияланатын болады.
Кездесу барысында жарыссөзге шыққан ауданның белсенді азаматтары көкейіндегі ойын ортаға салды. Былтырғы сайыста аудан намысын қорғаған Ерлан Әзімбаев жастарды белсенділікке шақырып, жауапкершілік арқалай білу керектігін айтты. Қоғамдық кеңес мүшесі Гүлжанат Кангулова ардагерлер де қарап отырмайтынын жеткізді. Кәсіпкерлер қауымы атынан сөз алған Ержан Қойгелдин ел азаматтарының бір ауыздан шыққан байламын жеткізді. – Біз ежелден бері тату-тәтті тірлікте, қажырлы еңбекте шындалған елміз. Көкпекті ауданына азаматтардың басын қосып, елді бір арнаға бағыттайтын шараның керектігі анық еді. Еңбекқор еліміз бен шұрайлы жеріміздің жағымды иммеджін қалыптастыратын шарадан ешкім сырт қалмайды. Осындайда әрбір «мен көкпектілікпін» деген азаматтар үлесімізді қосуға дайынбыз, - дейді Батыр ата ұрпағы. Осы сөзінің дәлелі ретінде Ержан Тұрсынханұлы «Толағай сұлтаны 2020» халықаралық сайысының бас жүлдесі – автокөлікке демеушілік жасайтынын айтты.
Осылайша тамыз айында өтетін сайысқа дайындық жұмыстары қызу басталып кетті. Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында салт-дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған шараға білек сыбана атсалысу әрбір азаматтың туған ел мен жер алдындағы парызы деп білеміз. Ұлттық құндылықты ұлықтап, ұрпағым батыр болсын деген еліміздің ақ телегі қабыл болғай!

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз