Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ елінің спортшылары үшін қашанда әлемдік додада топ жару – қанына біткен қасиетпен тең. Қай байрақты бәсекені алып қарасақ та, елдің беделін биікке көтерер спорт саңлақтардың саны жетіп артылады. Олардың арасында біздің ауданнан жасындай жарқырап жүрген, астын сызып тұрып көрсететін есімдердің де аталып жүргені баршылық. Оған айқын дәлел болатын ауданымызға қарасты Көкжайық ауылдық округінің тумасы, жерлесіміз, спортқа жаны құмар, өмірге деген құштарлығы ерекше байқалатын Данияр Әлібекұлы Қайсановты айтуға болады.

Кіл мықтылар бақ сынасатын бұл жарыс Үндістан астанасы Нью-Делиде өткізілді. Күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында біздің ауданымыздың мақтанышы Данияр Қайсанов та болды. Жалауын көтерген Азия чемпионаты көптеген спорт түрін қамтыды. Ал біздің Данияр әр кезеңнен сүрінбей, қарсыластарын шаң қаптырды.
74 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Ол жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.


Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік етті.
Жалпы, бұл Азия чемпионатында аудан мақтанышы Данияр үшін тілеулес жандар көп болды. Өз кезегінде Даниярдың әкесі Әлібек Қайсанұлы Нүкенов осы байрақты бәсекеге қолдау көрсетіп, атсалысқан Көкжайықтық жерлестері Марат, Болат Бекбердиновтерді және барлық демеушілік көрсеткен жомарт жандарға ерекше алғысын жеткізеді.
Даниярдың келешекте әлі талай дүбірлі додада дүлдүлдер қатарынан көрінетініне сеніміміз мол. Қазақ жұртының мерейлі мақтанышы бола беруіне тілектеспіз! Алдағы уақытта Токиода өтетін олмпиадада саған тек сәттілік серік болсын дейміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз