Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 Наурыз 2019

ҰЛЫС КҮНІ АУЫЛ ДӘМІН ҰСЫНДЫ

23 наурыз күні облыс орталығында Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. «Fresh Marcet» сауда кешенінің аумағындағы сауда-саттық Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналды. Көкпектіден жеткен мол әрі арзан өнімге Өскемен тұрғындарының сұранысы жоғары болды.
Мерекелік жәрмеңкеге аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілер қатысып, төл өнімін ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин берген мәлімет бойынша, бұл күні жәрмеңкеде 1.5 тонна жылқы еті, 3 тонна ірі қара еті және жарты тонна қой еті әкелінген. Сондай-ақ бал, картоп, орамжапырақ, балық және тағы басқа да өнімдер сатылымға шығарылды. Әдеттегідей жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы қаланың басқа коммерциялық базарларына қарағанда 10-15 пайызға төмен.

Read more

Я ПОЛНОСТЬЮ ПОДДЕРЖИВАЮ ИНИЦИАТИВУ ПЕРЕИМЕНОВАНИЯ СТОЛИЦЫ В НУРСУЛТАН.

Я полностью поддерживаю инициативу переименования столицы в Нурсултан. Наш Елбасы, Лидер Наций Нурсултан Абишевич Назарбаев внес неоценимый вклад в становления нашего государства. За 30 лет мира и созидания народ Казахстана жил в гармонии и согласии, и все это благодарю правильной проводимой политике Первого Президента РК.

Read more

ПРИНЯТО ИСТОРИЧЕСКОЕ РЕШЕНИЕ О ПЕРЕИМЕНОВАНИИ НАШЕЙ СТОЛИЦЫ

Принято историческое решение о переименовании нашей столицы. Все мы знаем, что Астана, на казахском означает просто главный город страны, но никак не название. Ни у кого нет сомнений, что этот город с зарождения самой идеи о новой столице и до сегодняшнего его великолепия обязан только Первому Президенту. С Елбасы в нашей жизни связано всё. На фоне нестабильной ситуации в разных странах, мы всегда чувствовали себя защищенными, над нашими головами всегда сияло чистое небо, а люди кругом были дружелюбными и гостеприимными.

Read more

ФИЛИАЛ ПАЛАТЫ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ПО КОПЕКТИНСКОМУ РАЙОНУ

Филиал Палаты Предпринимателей по Копектинскому району, в лице директора Мукашевой Алии Орумбековна, консультантов Калиевой Зухры, Есенова Адлет, координатора Айдаргазиной Алены и бизнес сообщества Кокпектинского района полностью поддерживаем историческое решение о переименован нашей столицы !!!
Благодаря мудрой политике нашего Елбасы малый и средний бизнес сегодня является стержнем экономики!!! .
Нурсултан Абишевич внес неоценимый вклад в развитие нашей страны!!!

Read more

ҚАНАТ БИДАХМЕТҰЛЫ САДЫКОВ

Қанат Бидахметұлы Садыков, «Теректі» шаруа қожалығының басшысы, Көкпекті ауданының құрметті азаматы 
Қазақ халқы тарихында да ел қорғаған батырлар, мемлекет құрған қағандар мен хандар өткен. Олардың бәрінің арманы - елді отырықшы етіп, қалалы, шаһарлы жұрт етпек болыпты. Кеңес Одағы уақытында қаламыз бен кентіміз, ауылымыз бен ауданымыз болса да Тәуелсіздігіміз, Егемендігіміз болмады. Еркіндік алып, дербес мемлекет болған отыз жылда арқа төсіне Астана қаласын салған ол - тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен оның замандастары.

Read more

БАЯНДЫ КӘКЕНҰЛЫ ҚОЖАМБЕТОВ

Баянды Кәкенұлы Қожамбетов, дербес зейнеткер, Көкпекті ауданының құрметті азаматы, Самар, Көкпекті аудандарының 1991-2009 жылдардағы әкімі
Қазақстан Республикасының дербес мемлекет ретінде дүние жүзіне танылуында тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерекше. Елміздің елдігін білдіретін нышандардардың болуы міндетті, ал ол рәміздерді күллі әлемге таныту екінші мәселе. Осы тұрғыда 30 жылда атқарылған қызмет Білге қағандай «түнде ұйықтамаған, күндіз отырмаған» Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ елі үшін, Қазақстан халқы үшін еткен еңбегі. Ақылын, адалдығын, қайратын біріктіріп, елін-жерін көгерткен ұлы қайраткерлігі.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз