Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Баянды Кәкенұлы Қожамбетов, дербес зейнеткер, Көкпекті ауданының құрметті азаматы, Самар, Көкпекті аудандарының 1991-2009 жылдардағы әкімі
Қазақстан Республикасының дербес мемлекет ретінде дүние жүзіне танылуында тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерекше. Елміздің елдігін білдіретін нышандардардың болуы міндетті, ал ол рәміздерді күллі әлемге таныту екінші мәселе. Осы тұрғыда 30 жылда атқарылған қызмет Білге қағандай «түнде ұйықтамаған, күндіз отырмаған» Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ елі үшін, Қазақстан халқы үшін еткен еңбегі. Ақылын, адалдығын, қайратын біріктіріп, елін-жерін көгерткен ұлы қайраткерлігі.

Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Елбасымен бірге, егемендікті нығайтуға ат салысқан 1991-2009 жылдардағы Самар, Көкпекті аудандарының әкімі ретінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің атын мәңгілік есте қалдыруды, Астана қаласын - Нұрсұлтан қаласы деп атауды қолдаймын.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз