Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 Тамыз 2018

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Ағымдағы жылдың 15 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының мәжіліс залында Көкпекті ауданының прокуроры міндетін атқарушы Айдар Ордабаев аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Көкпекті ауданының прокуроры міндетін атқарушы қабылдауға келген тұрғындар сауалына қолданыстағы заң аясында жауап берді.

Read more

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы, демалысты қызықты өткізуді армандайды. Осы ретте Мойылды және Новостройка ауылдарындағы спорттық-сауықтыру балажайлары үлкен тəжірибеге ие. «Балауса – Көкпекті 3», «Балауса – Көкпекті 2» балажайлары өз жұмысын маусым айының 16 бастаған болатын. Қазір олар соңғы бесінші маусымын аяқтады. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жазғы каникуль кезінде аудан бойынша 3806 бала жазғы балажайларда демалды.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованы әңгімеге тартқан едік.
Білім бөлімінің әдіскері Динара Садвақасованың айтуынша, биылғы жылы демалыс, сауықтыру және жазғы маусымда лагерь жұмысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 6 млн 390 мың теңге қаржы бөлінген.

Read more

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫСТА, АУЫЛ ӘКІМІ МЕН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ДЕМАЛЫСТА ЖҮР

Бұл жағдай Биғаш ауылында орын алды. 10 тамыз күні аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс сапарымен Биғаш ауы-лына барды. Төбесінен су ағатын мектептің шатырына шығып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көзімен көрді. Жергілікті бюджеттен арнайы қаражат бөлінген шаруа әлі де шешілмеген. Ал ауылдық округ әкімі Дулат Оспанов пен мектеп директоры Архат Қабден болса еңбек демалысына шығып кетіпті.
- Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалды. Осы уақытқа дейін жүктелген тапсырманың бір де бірі орындалмаған. Жүргізіліп жатқан жұмыс сапасыз. Ауыл әкімі мен мектеп директорының жауапкершілігі қайда? Біздің міндетіміз халыққа адал қызмет көрсету екенін ұмытпасын, - деді наразылығын жасырмаған Асхат Сайдахметұлы.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз