Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

19 Ақпан 2018

ӨНЕРДІҢ МАЗДАТҚАНДАЙ ОТ - АЛАУЫН

 Ауданымызда байрақты ордамыз Астана қаласының   20 жылдық мерей тойына арналған ауылдық   округтердегі көркемөнерпаздар ұжымдарының   байқауы басталып кетті. Байқауға 17 ауылдық   округтен 1700 тарта көркем өнерпаздар қатысады   деп, межеленіп отыр. Бүгін Қалиқан Алтынбаев   атындағы мәдениет үйінде атақты батыр атамыз   Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің   өнерпаздары байқау шымылдығын түрді. Аудан   өнерпаздарына сәт сапар, өнердің отын маздата   беріңдер – дейміз.
 Сахна шымылдығын Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау   әнімен» ашқан ауыл әншілері көрерменді алда қойылатын   ойын-сауықтың әсерлі болатынына сендіргендей бір   серпілтіп тастады. Келесі кезектегі үнді биін билеген Айым   мен Гүлім келген көрерменді Қалбатаудан Гималайға бастап   кетердей болды. Әсерлі ырғақ, мінсіз қимылмен билеген егіз   қыз әсем жымиып үнді биінің сан қырлы салымдарын   саусақтарымен сәндендіріп, буындарымен безендірді.   Преображенкалық әжелер шалқытқан «Беу айдай» әнінің   соңғы нотасы аяқталысымен ортаға ұшып шыққан араның   ұясындай жас бөбектер «Пчелок биі» ырғағында сахнаны   жайнатты. Бүлдіршіндер биі иісі бал жұпарымен астасқан   Тәлмен бойының жазын еске салғандай, қызықтаған   көпшілікті тәнті етті. Бұдан әрі де ойын қызығы артпаса толастамады. Шаншардың ГАИ мен Үкіліқыздық Н.Бабакова, Ю.Ершенова, С.Котлярова салған орыс халқының частушкалары преобаженкалық қауымның әзіл-ысқақтан да кенде еместігін көрсетті. Қолдарына қос ақ көгершін қондырып шыққан Бақыт Әубәкірова мен Дамир Даутпаев құсты қолда үйретіп, баптаудың нағыз цирктік өнерін көрсетті. Қос көгершіннің қимылына елтіген көрерменді, «Жетім қыз» монологын нақышына кетіре орындаған Балнұр Вагнердің мұңлы даусы орындалған мәтіннің аяулы оқиғасына жетелеп, жетім қыздың зарын әржүрекке жеткізгендей болды.

Read more

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 2-қосымшасында «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» және 3-қосымша «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет стандарттары көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8-шілдедегі №169 қаулысымен бекітілген I «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» және II «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері арқылы ШҚО ББ «Көкпекті ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтері мынандай жолмен іске асырылады:

Read more

АУҒАННЫҢ ОТ-ЖАЛЫНЫ

Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыс-тар, – деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз.
Үлкенбөкен ауылында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ауқымды іс-шара өткізілді. Аталмыш шараның құрметті қонағы Ауған соғысының ардагері Б.Бәкібаев болды.

Read more

ЕРЛІКТЕРІ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Осыдан 29 жыл бұрын Ауғанстандағы онжылдық соғыс біткен болатын. Алайда, Отанымыздың тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғалар сипатталмаған. Тарихты білу қажет, оны білмейтіндер өткендегі адамзат қателіктерін қайтадан қайталауға мәжбүр болады.
Өткен аптада Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай жерлес интернационалист жауынгерлерге арналған ерлік сабағы өткізілді. Іс шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов, арнайы шақырылған Ауған ардагерлері А.Мұқашев, М.Рақымбеков, Ауғанстанда қаза болған Л.Фахрутдиновтың туысқаны М.Фахрутдинов, білім беру және дене шынықтыру, спорт бөлімінің мамандары сонымен қатар Прео-браженка, Үлкенбөкен, Ажа және Шәріптоғай ауылының мектеп оқушылары қатысты. Тарихи-өлкетану мұражай қорын сақтаушы К.Смаилова балаларды Ауғанстан жерінде қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған стендпен таныстырды. Сондай-ақ, ауғандық жауынгерлердің ерлік істері жайлы қысқаша баянданды.

Read more

АУҒАН СОҒЫСЫ - ТАРИХ ҚОЙНАУЫНЫҢ БІР ПАРАҒЫ

Ауған соғысы....Ауған жерінде жан кешкен өрендерді еріксіз ойға түсіретін жан жарасы. 10 жылға созылған соғыс - қазіргі аға буынның қайғылы естелігі, боздақтарынан айырылған отбасы қайғысы, із-түссіз кеткен жауынгер жақындарының үзілген үміті. Биыл 15 ақпанда Кеңестер Одағының әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толады.
Көкпекті ауданында Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген ерлерді еске түсіру жиыны өткізілді. Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні Көкпекті ауылының Заречная аумағында орналасқан Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлерге арналған ескірткіш маңында митинг болып өтті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Көкпекті ауданы Қорғаныс бөлімінің басшысы А.П.Цыбенко және сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыздың атынан қаһарман жерлестеріміздің бірі ауған соғысының ардагері Мұрат Рақымбеков, «Арлан» әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Ә.Артықбаев, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің АӘД пәнінің ұстазы В.П.Онищенко барлық ардагерлерге мерекелік жылы лебіздерін білдірді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз