Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан 29 жыл бұрын Ауғанстандағы онжылдық соғыс біткен болатын. Алайда, Отанымыздың тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғалар сипатталмаған. Тарихты білу қажет, оны білмейтіндер өткендегі адамзат қателіктерін қайтадан қайталауға мәжбүр болады.
Өткен аптада Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай жерлес интернационалист жауынгерлерге арналған ерлік сабағы өткізілді. Іс шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов, арнайы шақырылған Ауған ардагерлері А.Мұқашев, М.Рақымбеков, Ауғанстанда қаза болған Л.Фахрутдиновтың туысқаны М.Фахрутдинов, білім беру және дене шынықтыру, спорт бөлімінің мамандары сонымен қатар Прео-браженка, Үлкенбөкен, Ажа және Шәріптоғай ауылының мектеп оқушылары қатысты. Тарихи-өлкетану мұражай қорын сақтаушы К.Смаилова балаларды Ауғанстан жерінде қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған стендпен таныстырды. Сондай-ақ, ауғандық жауынгерлердің ерлік істері жайлы қысқаша баянданды.

Біздің отандастарымыздың ерлік үлгісі жас ұрпақты тәрбиелейді. Ауданда патриоттық клубтар ашылған және әр мектепте патриоттық тәрбие беру бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Біздің отандастарымыз, осы соғыста батырлықпен ант беріп, батылдық танытып, ерлік, қаһармандық көрсетті. - «Сізбен Біздің міндетіміз балалар тарихта қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыстан оралмаған жауынгерлерді еске алып, және бүгін бізбен бірге өмір сүріп жатқан отандас Ауған ардагерлеріне өшпес ерліктері үшін алғыс білдіреміз», - деді Клара Рафикқызы өз сөзінде. Ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, қатысушылар Ауған жауынгерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Көкпекті орта мектебі директорының орынбасары А.Гусейнованың басшылығымен Л.Фахрутдинов атындағы әскери-патриоттық клуб ұландары көрермендерге Қазақстандықтардың Ауған соғысына қатысуы жайлы әдеби сазды монтаж, слайд және шағын фильм көрсетті. Кездесу барысында балалар интернационалист-ардагерлерден жауынгерлік борышын өтеу кезінде қандай қиыншылықты бастан өткерді, жаумен соғысу қаншалықты оңай болмады және Ауғанстанға борышын өтеуге барамыз дегенде туған-туыстарыңыз қалай қабылдады деген сияқты сауалдар қойды. Асылбек Орынбекұлы мен Мұрат Емелбайұлы сонау Ауған жерінде қару асынған сәттерін еске ала отырып, туған жерге аман-есен оралу, отбасының және достардың жүздерін көруге деген ұмтылыс соғыс қиындықтарына төтеп беруге рух бергенін баяндап берді. Өз кезегінде Мамай Шериазданұлы Латифтың үйге жолдаған хаттарында жақын жандарын уайымға салмау үшін, соғыстағы қиын сәттер туралы ешқашан жазбағандығы туралы естеліктерін айтты.
Қорыта келе, Клара Рафикқызы ауған жерінде болған оқиға әлемдегі сұрапыл соғыстың бірі екенін, ал оған қатысқан біздің отандастарымыз, ең алдымен азаматтық борышын отансүйгіш, интернационалист ретінде өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсететін деп атап өтті. Аға буын өкілдерінің Отан алдындағы борышына адалдық жеңіске деген ұмтылыс ерік жігер, батылдық оларға қорқынышты жеңе білуге және жауға қарсы тұруға көмектесті. Соған дәлел ретінде мыңдаған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлерге Ауғанстан Республикасына интернационалдық көмек көрсетуде жанқиярлық күресі және ерлігі үшін мемлекеттік марапаттар берілді. Ерлік сабағынан кейін балалар мұражай жәдігерлерімен танысып, танымал жерлестер туралы көптеген қызықты деректерді білді.
Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Өзге елде интернационалдық борышын соңына дейін орындап, қаза тапқан жас жігіттердің саған қарап тұрған жүздерін көрген кезде, тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысын танисын. Әр елдің ел есінде мәңгі сақталатын есімдері болады. Керісінше, адамзат тарихының өмірі одан әрі дамыған сайын, осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге деген құрмет арта түседі.
Кешегі соғыстан оралмаған жерлестеріміз тарих беттерінде ерең ерліктерімен қалып, кейінгі ұрпаққа үлгілі болары сөзсіз. Жауынгер-интернационалисттердің батыл әрекеттері еліміздің әрбір тұрғынының жүрегінде мәңгі сақталуы керек.


Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз