Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Ауданымызда байрақты ордамыз Астана қаласының   20 жылдық мерей тойына арналған ауылдық   округтердегі көркемөнерпаздар ұжымдарының   байқауы басталып кетті. Байқауға 17 ауылдық   округтен 1700 тарта көркем өнерпаздар қатысады   деп, межеленіп отыр. Бүгін Қалиқан Алтынбаев   атындағы мәдениет үйінде атақты батыр атамыз   Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің   өнерпаздары байқау шымылдығын түрді. Аудан   өнерпаздарына сәт сапар, өнердің отын маздата   беріңдер – дейміз.
 Сахна шымылдығын Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау   әнімен» ашқан ауыл әншілері көрерменді алда қойылатын   ойын-сауықтың әсерлі болатынына сендіргендей бір   серпілтіп тастады. Келесі кезектегі үнді биін билеген Айым   мен Гүлім келген көрерменді Қалбатаудан Гималайға бастап   кетердей болды. Әсерлі ырғақ, мінсіз қимылмен билеген егіз   қыз әсем жымиып үнді биінің сан қырлы салымдарын   саусақтарымен сәндендіріп, буындарымен безендірді.   Преображенкалық әжелер шалқытқан «Беу айдай» әнінің   соңғы нотасы аяқталысымен ортаға ұшып шыққан араның   ұясындай жас бөбектер «Пчелок биі» ырғағында сахнаны   жайнатты. Бүлдіршіндер биі иісі бал жұпарымен астасқан   Тәлмен бойының жазын еске салғандай, қызықтаған   көпшілікті тәнті етті. Бұдан әрі де ойын қызығы артпаса толастамады. Шаншардың ГАИ мен Үкіліқыздық Н.Бабакова, Ю.Ершенова, С.Котлярова салған орыс халқының частушкалары преобаженкалық қауымның әзіл-ысқақтан да кенде еместігін көрсетті. Қолдарына қос ақ көгершін қондырып шыққан Бақыт Әубәкірова мен Дамир Даутпаев құсты қолда үйретіп, баптаудың нағыз цирктік өнерін көрсетті. Қос көгершіннің қимылына елтіген көрерменді, «Жетім қыз» монологын нақышына кетіре орындаған Балнұр Вагнердің мұңлы даусы орындалған мәтіннің аяулы оқиғасына жетелеп, жетім қыздың зарын әржүрекке жеткізгендей болды.

Ауылдағы үлгілі мекеме, өнегелі орын «Өрнек» жекеменшік балабақшасы ұжымы қойған «Балалар өмір гүлі» атты сазды қойылым тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің ауыл намысын қолдан бермейтінін көрсеткендей, асқан жауапкершілікпен қойылды. Бұдан әрі жалғасқан пародиялар «Роза чайная», «Музыка нас связала», Вокалды аспапты ансамбльдің нөмірлері де лық толы залдан өз көрермендерін тауып жатты. Келесі кезекте Көкпектілік көрермен Хұмырбековтардың отбасылық ансамблінің орындауындағы заманауи әндерді зор қошеметпен қарсы алды. Қойкелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің тұрғындарының округтегі этностардың салт-дәстүрін дәріптеуі «Попурри» биін орындауда ерекше көрінді. Қазақ, орыс, украин, татар, әзербайжан, өзбек сазымен орындаған би сахнаны жайнатып, залды жаңғыртты. Көркемөнерпаздар ойын-сауығының шарықтау шегі Мейрамхан Кәусар әуелеткен «Астана» әнімен жетті.
Кеңес Одағының батыры Қойкелді Аухадиев атындағы ауылдық округ көркемөнерпаздары ұсынған концерт аудан орталығы Көкпекті ауылы тұрғындарының талғамынан шықты. Байқауды дарлауда ерекше іскерлік көрсеткен Преображенка ауылдық клубының меңгерушісі және көркемдік жетекшісі Айдын Хұмырбектің айтуынша іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан Преображенка орта мектебі, «Өрнек» жекеменшік балабақшасы ұжымдарының қызметтерін атап көрсеткен абзал.
Көркемөнерпаздардың көңілді керуенін бастаған Миролюбовка ауылдық округі әкімі Серік Қасымхановпен Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің кулуарында кездестік.
- Округ аудан орталығына шалғайда болғандықтан, ауылдан ерте шығып, байқауға қатысушыларды кешіктірмей алып келдік. Округ халқы ежелден өнер сүйгіш, көбінесе орыстілді болғандықтан, концерт бағдарламасын мейлінше мемлекеттік тілде дайындауға назар аудардық. Оған тұрғындары да аянбай кірісіп, қазақ әлде басқа ұлт өкілдері де үйрене бастады. Қалғанын концерт барысында көрерсіздер деген тілекпен, бізді көрермен залына бастады.
Астана әнін алғашқы аккордтары Светлана Майорова қоңыр дауысымен сілтідей тынған көрерменді селт еткізіп, риза елдің қол шапалақтауына ұласты. Миролюбовкалық орыс қызы Светлана өз Астанасын, туған елінің бас қаласын қазақ тілінде, қазақ әуенімен жырлап тұрды. Орындауындағы шынайлықпен, әншінің бақытты толқынысы тыңдарманды баурады. Бірінші нөмірден алынған ырғақ бүкіл ойын сауық аяқталғанша үзілмеді.
Бейбіт те, берекелі өлке Миролюбовка ұландарының әндері мен билері, әзілдері мен монологтары бірін-бірі толықтырып тұрды.
- Әрбір байқауда бір талант табылуы аудандық мәдениет бөлімі үшін – қазына. Бүгін миролюбовкалықтар арасынан шыққан өзі биші, өзі көркем сөз оқу шебері - Қуаныш Айтолқын, міне осындай талант екен. Осындай талантты, талапты жастарды қолдау Көкпектіліктердің назарынан тыс қалмайды деп сенемін. Осындай концерттерге жанұямен, көршілермен, достармен көптеп келуге шақырамын – деді көркемөнерпаздарға ақ жол тілеген аудан әкімі орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин.
Көкпектілік көрермендер жадында жаңғырар би – Ангелина Тупицына мен Ира Гельмерттің қойылымы болды. Орыстың халық әуендерін қойылған хореграфиялық шығарма әсерін, Валерия Пащенко орындаған «Жаса Қазақстан» әні одан әрі шарықтатты.
Аудандық байқаудың бірінші кезеңдегі екі ауылдық округ көркемөнепаздарының шығармашылығы осындай болды. Оларға баға беріп, шеберліктерін сынап отырған әділ қазылар Гүлбаран Ақшабаева, Асқар Сүлейменов, Клара Садвақасова, Нұрлан Қайратұлы, Зүлфия Тұрлыбаева, Нарғыз Оспанова лайықты бағасын беретініне күмән жоқ.
Патша көңілді Көкпектілік көрермен! Сіздер аудан орталығы тұрғындары болғандықтан, сіздердің ойын-сауық қоюшылардың өнерін бағалауларыңыз бізге өте қымбат. Аптаның үшкүнінде болатын қойылымдарға келулеріңізді сұраймыз. Келесі кезекті шырайлы Шұғылбайдан, сәнді ауыл Сарыбелден, тамаша мекен Теректіден келген өнерпаздар арайлы Астананың 20 жылдығына арнаған өнерлерін ара сіздермен бірге бөліседі. Келіңіздер көріңіздер.

Қ. Бесбайыс

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз