Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

10 Шілде 2017

АУДАН ӘКІМІ КӨКПЕКТІ ЖӘНЕ САМАР АУЫЛДАРЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Рамиль Сағандықов 5 шілде күні тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көкпекті және Самар ауылдарында өткізілген қабылдауға барлығы 7 тұрғын келді. Тұрғындардың жеке мәселелері қаралған қабылдауға сала басшылары да қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлына өздерінің көкейтесті мәселелерін білдірді. Мәселен, Көкпекті ауылында тұратын зейнеткер Кульбану Нусюпова аудан басшысынан баспана мәселесін шешіп беруді өтінді. Осымен екінші мәрте қабылдауға келіп отырған зейнеткер жеке отбасы бар қызының үінде тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегінде тұрғанына да біршама уақыт өткен. Газет бетінде жарияланған тұрғын үй кезегінің тізімін ала келген кейуана бұл тізімде кездесетін қателіктер мен ауданда тұрмайтын азаматтардың барлығына шағымданды.

Read more

БАС ҚАЛАНЫҢ МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН КҮН

Бүгінгі таңда Астана жан-жағына нұр шашып, күннің сәулесі жарқырап түсіп, шаттанып тұрған кең жүректі шаһарымыз. Шаңырағы биік, уықтары нық шаншылған, керегесі кең отауға айналды. Зәулім ғимараттары менмұндалап тұрған Астананың әрбір атқан таңы ел үшін жадырап тұрғандай. Төл тәуелсіздігіміздің нышанының бірі - айбынды Астанамыз күн санап өркендеп, жасыл желек жамылған орманды алқабы тамырын кеңге жайып келе жатқан Бас қала.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз