Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Рамиль Сағандықов 5 шілде күні тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көкпекті және Самар ауылдарында өткізілген қабылдауға барлығы 7 тұрғын келді. Тұрғындардың жеке мәселелері қаралған қабылдауға сала басшылары да қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлына өздерінің көкейтесті мәселелерін білдірді. Мәселен, Көкпекті ауылында тұратын зейнеткер Кульбану Нусюпова аудан басшысынан баспана мәселесін шешіп беруді өтінді. Осымен екінші мәрте қабылдауға келіп отырған зейнеткер жеке отбасы бар қызының үінде тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегінде тұрғанына да біршама уақыт өткен. Газет бетінде жарияланған тұрғын үй кезегінің тізімін ала келген кейуана бұл тізімде кездесетін қателіктер мен ауданда тұрмайтын азаматтардың барлығына шағымданды.


- Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегі алдағы уақытта комиссиялық қараудан өткізіледі. Қазіргі уақытта ауданда тұрмайтын, жеке меншік баспанасы бар тұрғындардың барлығы комиссия шешімімен тізімнен шығарылады. 500-ге жуық азаматтар тіркелген тізімді реттеу жұмысын тез арада жүзеге асыруды Сәулет, құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне тапсырамын, - деп Рамиль Нығметжанұлы бұл мәселенің кесімін айтты.
Көкпекті ауылындағы қабылдауға келген барлық азаматтардың мәселесі мемлекет тарапынан тұрғын үй беру сұрағы болды. Жалпы сараптап қарайтын болсақ, аудан әкімінің жеке қабылдауында болатын тұрғындардың басым көпшілігінің көтеретін сұрағы – баспана мәселесі. Аудан басшысы бұл сұрақ Заң жүзінде тиісті жүйемен ғана жүзеге асырылатынына тағы бір мәрте баса назар аударды.
Самар ауылында өткен қабылдау барысында тұрғындар жеке мәселелерін көтерді. Аудан әкімі қабылдауға келген зейнеткердің өтініші негізінде Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаевқа алдағы уақытта округте зейнетақыға қатысты түйінді мәселелерді жинақтап, аудан орталығынан жауапты мекеме басшыларын шақыра отырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізуді жүктеді. Баспана сұрай келген жас ұстаздың өтініші «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясында қаралу үшін комиссияға жолданды.
Қабылдауға келген аудан тұрғындарының барлық өтініштеріне орай Қазақстан Респу-бликасындағы қолданыстағы заңнамалары аясында тиісті түсініктемелер берілді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз