Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз 2017

17 Наурыз 2017

КӨКПЕКТІЛІКТЕР 56 ОЙЫНДА 187 ГОЛ САЛДЫ

Бұл биылғы маусымның қызықты әрі тартысты өткенінің тағы бір дәлелі. Екінші жыл қатарынан өткізілген әуесқой футбол лигасының биылғы қарқынын анық байқауға болады. Оған сандар да куәгер. 26 қарашада басталған жарыс 11 наурызда аяқталды. Осы аралықта 56 ойын өткізіліп, оларда 187 гол соғылды.

Read more

УСПЕХА ДОБИВАЕТСЯ ТОТ, КТО УВЕРЕННО ИДЕТ К СВОЕЙ МЕЧТЕ

Год назад на страницах нашей газеты мы опубликовали рассказ о девушке с ограниченными возможностями Жанне и ее удивительном увлечении – изготовлении игрушек. С тех пор, интерес к ее работам вырос до глобальных размеров, и сегодня она уже не просто жительница села Кокпекты, а успешная предпринимательница, изделия которой пользуются спросом далеко за пределами района.

Read more

ПОСЕТИЛИ НА ДОМУ ВЕТЕРАНА ВОЙНЫ И ТРУДА

Ветераны войны и труда у нас всегда в почёте. К великому огорчению, из года в год их ряды редеют. Никогда не будут забыты потомками мужество и героизм солдат, поднявших флаг Победы. Накануне празднования женского праздника – 8-ое Марта были оказаны почести единственной в районе женщине - участнице Великой Отечественной войны Валентине Степановне Федосовой.

Read more

15 Наурыз 2017

МЕНТАЛДЫ АРИФМЕТИКА ОҚУШЫ ЫНТАСЫН ШЫҢДАЙДЫ

Халықаралық «ISMA» менталды арифметика (МА) мектебінің оқушылары 12 наурызда Өскеменде өткен облыстық олимпиададан жүлделі оралды. Көкпектілік МА шәкірттерінің арасынан аудандық сайыста чемпион атанғандар және бірінші орын алған 7 оқушы облысқа қатысып, екі Бас жүлде, үш І-орын және екі ІІІ-орын иеленді. Сонымен қоса, Көкпекті ауданының беделін асқақтатқан оқушылар кеуделеріне медальдар тағып, «ISMA» рюкзактарын алды және дипломдармен марапатталды. Келесі кезекте олимпиада жүлдегерлері республикалық кезеңде білімдерін сарапқа салмақшы.

Read more

14 Наурыз 2017

ОТЛИЧНАЯ ВОЗМОЖНОСТЬ ДЛЯ РАЗВИТИЯ ПЛЕМЕННОГО ЖИВОТНОВОДСТВА

Программа «Сыбаға» специально разработана для мелких сельхозформирований, оператором которой является Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства. Закупать высокопродуктивный скот — это хорошая практика для животноводов и ее нужно продолжать.
Как известно, с помощью программы «Сыбага» фермеры могут получить кредит на приобретение маточного поголовья крупного рогатого скота (КРС) и племенных быков-производителей для воспроизводства молодняка мясной породы. Это поможет им увеличить численность крупного рогатого скота для наращивания объемов мясного производства.

Read more

13 Наурыз 2017

ТАССАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР МЕКТЕПКЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫН СЫЙЛАДЫ

Тассай ауылдық округінен аудандық мәслихат депутаттығына сайланған халық қалаулысы Нұржиһан Қадылбекқызы Әбдірахманованың ұйытқы болуымен ауыл кәсіпкерлері жиылып, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай М.Әуезов атындағы орта мектепке спорттық құралдарды сыйға тартты. Тірлігі бекем ауылдың бірлігі мықты «Дарын», «Бекзат» «Аружан» ШҚ, «Мұқаш» ЖШС, «Ағайынды», «Байжұманов» ЖК басшылары және т.б. дәулетті азаматтары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін толық сезінеді. Сөйтіп, олар туған ауылда өсіп келе жатқан жеткіншектерді салауатты өмір салтына қалыптастыру мақсатын көздеп, білім ордасына қысқы және жазғы спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар сатып әперді. Ауылдың Атымтай жомарттарының мұндай тартуына риза болған ауыл әкімі Ержан Мазыбаев кәсіп иелеріне зор алғысын, игі тілегін білдірді.
Тассай кәсіпкерлерінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне білуі баршамыз үшін үлгі алуға тұрарлық әрекет дегіміз келеді.

Бақыт МҮЛІКОВА

Read more

ДАУ-ЖАНЖАЛДАРДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУДІ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы» ереже бекітіліп, барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға жұмыста пайдалану үшін жолданған болатын.

Read more

ЖЕТІ ЖАСАР ЧЕМПИОН

Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде өткен сенбіде есептеудің ерекше түрі - менталды арифметикадан аудандық олимпиада өтті. Оған Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті мектебінен ІSMA курсын оқып жүрген шәкірттер қатысты. Олардың барлығы арнайы эмблемасы бар киім киінген. Керекті құрал-жабдықтары да қарапайым: бұрынғы есепшотқа ұқсас абакус, қарындаш пен қалам, ақ парақ және секундомер. Бірінші деңгейдегі және түрлі жастағы (1-4 сынып) оқушылар қатысқан олимпиада Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау салтанатымен басталды.

Read more

АҒА ҰРПАҚ ӨКІЛДЕРІ ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСІП ЖҮР

Бұдан 30 жыл бұрын Шығыстағы аға ұрпақты бір құрылымға біріктірген және басшылық органын сайлаған құрылтай конференциясы өткен еді. Осылайша өңірдің аудандарында аудандық Ардагерлер ұйымдары да жаңадан құрылып, өз жұмыстарын бастаған. Аға ұрпақтың өмірлік бай тәжірибелерін жас ұрпаққа патриоттық және адамгершілік тәрбиесін беру ісіне пайдалану, олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділіктерін арттыру, соғыс және еңбек ардагерлеріне жеткілікті қамқорлық жасауды ұйымдастыру – бұл кеңестің басты мақсаты.

Read more

АРУЛАР МЕН АНАЛАР БАРЛЫҚ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Жер-ананы бусандырып, адам біткеннің жан дүниесіне жылу сыйлай келген көктемнің алғашқы күндері аталып өтетін 8 нау-рыз, бұл — әлемді жып-жылы алақанында әлдилеп, болашақ ұрпақтың шат күлкісіне себепші болған аналардың, қадірлі де қасиетті әжелердің, ертеңіне үмітпен қарайтын қыздардың, қамқор әпке мен ізгі ниетті сіңілілердің мерекесі.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз