Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылдық округінен аудандық мәслихат депутаттығына сайланған халық қалаулысы Нұржиһан Қадылбекқызы Әбдірахманованың ұйытқы болуымен ауыл кәсіпкерлері жиылып, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай М.Әуезов атындағы орта мектепке спорттық құралдарды сыйға тартты. Тірлігі бекем ауылдың бірлігі мықты «Дарын», «Бекзат» «Аружан» ШҚ, «Мұқаш» ЖШС, «Ағайынды», «Байжұманов» ЖК басшылары және т.б. дәулетті азаматтары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін толық сезінеді. Сөйтіп, олар туған ауылда өсіп келе жатқан жеткіншектерді салауатты өмір салтына қалыптастыру мақсатын көздеп, білім ордасына қысқы және жазғы спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар сатып әперді. Ауылдың Атымтай жомарттарының мұндай тартуына риза болған ауыл әкімі Ержан Мазыбаев кәсіп иелеріне зор алғысын, игі тілегін білдірді.
Тассай кәсіпкерлерінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне білуі баршамыз үшін үлгі алуға тұрарлық әрекет дегіміз келеді.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз