Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде өткен сенбіде есептеудің ерекше түрі - менталды арифметикадан аудандық олимпиада өтті. Оған Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті мектебінен ІSMA курсын оқып жүрген шәкірттер қатысты. Олардың барлығы арнайы эмблемасы бар киім киінген. Керекті құрал-жабдықтары да қарапайым: бұрынғы есепшотқа ұқсас абакус, қарындаш пен қалам, ақ парақ және секундомер. Бірінші деңгейдегі және түрлі жастағы (1-4 сынып) оқушылар қатысқан олимпиада Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау салтанатымен басталды.


Олимпиаданың өткізілу тәртібін МА нұсқаушысы Сәбира Абдуллақызы Қожабаева өзіне тән ұстаздық шеберлігімен оқушыларды тыныштандырып алды да, жұмыс тәртібімен таныс-тырып, балалардың зейіні алда өтетін жарысқа бағытталды және сәттілік тіленді. Осылайша, әр бөлімінде 100 есеп бар, екі турдан тұратын олимпиада басталып кетті.
Балалар біріншісін абакуспен 10 минут, екіншісін менталды жолмен 7 минут уақытта орындауы керек. Арасындағы үзілісте оқушылар тақта алдында қаз-қатар тұрып қолдарындағы абакус-пен түрлі жаттығулар және өздерінің қолдарына, бір-бірінің арқаларына массаж жасағаны қатысып отырған ата-аналар мен ұстаздардың қызығушылығын туғызғаны рас. Арифметикалық есептеудің шапшаңдығына ғана баулып қоймай денсаулықтың нығаюын да қамтамасыз ететін абакус деген құрал барлығымызға ұнады.
Бұл жүйені мектепке әкеліп, жаңалықтың жаршысы болып жүрген администраторы қарапайым ғана пошта операторы Гүлжанат Аязбекқызы Карипчалова: «Өткен жылдың шілде айында орталығы Алматы қаласындағы ISMA халықаралық менталдық арифметика орталығынан 1 айлық курсын оқып, сертификат алдым да, ауданға келіп, білім беру бөлімі басшысы мен мектеп директорларының келісімдері бойынша мектеп ұстаздары - С.Қожабаева, Г.Каребаева, Б.Нұрқасымов, А.Құнапияноваларды оқыттым. Олар скайп арқылы емтихан тапсырып, халықаралық деңгейдегі сертификат алды. Айналасы 2-2,5 жыл оқып, балалар халықаралық деңгейдегі сертификат алатын болады», - дейді.
Бүгінде Көкпекті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, ұзақ жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті ұстаз Сәбира Абдуллақызы Қожабаева білім ошағында ашылған МА-ның бір тобымен жұмыс жүргізетін нұсқаушы міндетін атқарып жүр. С.Қожабаеваның айтуынша, МА бұдан 5000 жыл бұрын оңтүстік-шығыс Азия елдерінде пайда болған және қазіргі таңда әлемде кеңінен қолданылуда. «Бұл жүйе арқылы балалар ойша кез-келген арифметикалық есептерді калькулятордан бұрын есептей алады. Алайда, тез есептеу әдістеменің басты мақсаты емес. Бұл – бала бойындағы логика, зейінді шоғырландыру, фотографиялық есте сақтау, өз-өзіне сенімділік, қиын сәттерден тез шығу, төзімділік қасиеттерін дамытады. Сонымен қоса басқа пәндерді оқуда жетістіктерге жетуге септігі тиеді. Бала бойындағы интеллект, аналитикалық және шығармашылық тұрғыда ойлау, кез-келген шешімді қабылдауда дәлдік пен жылдамдық пайда болады», - дейді Сәбира Абдуллақызы.
Олимпиада барысында байқағанымыз, оқушылардың бойын тік ұстап, екі табанын еденге нық қойып отыруына үлкен мән беріледі. Осындай қалыпқа зейіннің шоғырлануы мен ақпарат қабылдау тәуелді.
Олимпиада қорытындысы шыққанша біршама уақыт бос отырған шәкірттердің МА жүйесін қаншалықты меңгергенін ата-аналарға көрсету мақсатында жарты сағаттай уақыт менталдық есептеуге арналған жаттығулар шығарылды. Балалардың соншалық шапшаңдықпен есептеу дағдыларын меңгергеніне таң қалғанымыз рас.
Құрамында ата-аналар, нұсқаушылар және МА жүйесінің администраторы Г.Карипчалова бар комиссияның шығарған қорытындысы бойынша барлық шәкірттерге І,ІІ,ІІІ-деңгейдегі халықаралық дәрежедегі сертификаттар мен сәйкесінше медальдар табысталды. Интеллект пен жылдамдықтары арқасында МА жарысынан Муният Шағыбай, Аружан Калимжанова, Нұрали Серіков чемпион атағын жеңіп алып, жақында өтетін облыстық олимпиадаға жолдама алды.
Ең кішкентай чемпион, 7 жасар Аружан Калимжанованың атасы Бәйкен Сәменов өз қуанышымен бөлісті: - Немерем 1 сыныпта білім алады және МА курсын ақылы оқып жүргеніне 4 ай ғана болды. Нәтижесі міне, өзіңіз көргендегідей. Баланың есте сақтау қабілетін арттырып, сабағын да жақсы үлгеруіне көмегі бар. Аптасына 1 рет 90 минуттан сабақ өтеді. 4 аптаға 8 мың теңге төлейміз. - деді.
МА нұсқаушыларының айтуынша, бірнеше ауыл мектептерінен бізде де осындай курс-тар ашсаңыздар деген сұраныстар түсіп жатқан көрінеді.
Құрметті ата-аналар, егер МА сіздің балаңызға қажет деп тапсаңыз, курсқа қатыстырғаныңыз жөн.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз