Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дәстүрлі соңғы қоңырау сыңғырлап, тағы бір оқу жылы артта қалатынына санаулы күндер қалды. Кеше ғана алғашқы қоңырау оқу жылының басталғанын білдіре балаларды партаға шақырса, биылғы оқу жылында соңғы рет соғылған қоңырау үні оқу жылының аяқталғанын білдіреді.

Мектеп - дарынды жастардың ордасы. Біздің елімізде өнерлілерді тәрбиелеп отырған мектеп. Елбасымыз Н Назарбаев айтқандай «Қазақстанның болашағы - дарынды жастар»,

- демекші Көкпекті орта мектебінде осындай дарынды оқушыларды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 21 мамыр күні үздік оқушылар, үздік спортшылар және мектеп мақтаныштары арасындағы алғашқы слет өткізілді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты, мектептің намысын көтеріп жүрген оқушылардың еңбегін бағалап, арттағы буындарға үлгі көрсетуге ұйымдастырылды. Екі кезеңнен тұрған, бұл слет бас-тауыш сынып және орта буын, жоғары сынып арасында өткізілді. Оқушыларға «Үздік оқушы», «Үздік спортшы», «Мектеп мақтанышы» атты номинация бойынша төсбелгілері беріліп, ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады. Көкпекті орта мектебінде 57 «үздік оқушы», 18 «үздік спортшы», 6 «мектеп мақтанышы» биылғы оқу жылын жақсы жетістіктерімен аяқтады. Сонымен қатар, слетқа арнайы шақырылған ардагер ұстаздар М.Гуйсейнова, Б.Беспаева және мектеп демеушілері Ш.Бекбердинова, Б.Мурсалимова, Ә.Мұқашева оқушылардың осындай жақсы нәтежиеге қол жеткізгендеріне жылы лебіздерін білдірді. Слетте Н.Шапатовтың ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама халықтың назарына ұсынылды. Мектеп әкімшілігі, ата-аналарға алғыстарын білдіріп және слеттің жоғары деңгейде өткеніне оң бағаларын берді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз