Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын сәтті жүзеге асқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бүгінде ауылдағы маман тапшылығын шешуге үлкен сеп болуда. Әсіресе, аудандағы елді мекендерде сұранысқа ие болып отырған медицина, білім беру және мәдениет салаларына білікті де білімді жас мамандар көптеп келе бастады. Оның үстіне, ауылға келген жас мамандарды ынталандыру мақсатында көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына да жеңілдетілген несие берілуде. Мемлекет басшысы да өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл» - деп ашық та, анық айтқан болатын. Міне, осындай мүмкіндікті мүлт жібермеген жас маманның бірі – Көкпекті ауылының тұрғыны Замира Сапарова.
Ол Шұғылбай ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті аяқтайды. Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған ол, 2017 жылы үздік дипломмен оқуын аяқтаған. 2019 жылы еңбек жолын ауылдан бастауды құп көрген. «Бүгінде білім беру саласы қарыштап дамып келе жатқандықтан, ондағы жаңашылдықтарды әсіресе жастар жақсы түсінеді. Сонымен қатар, жоғарғы білімді мамандар ауылды жерлерге өте қажет. Мұнда үлкен тәжірибе жинап, білікті маман болып қалыптасуға мүмкіндік те көп. Сондықтан, қолға диплом тиісімен туған жерге жұмысқа тұруға асықтық. Сәтін салғанда, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен дер кезінде танысып, сол арқылы «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкпекті - Толағайы» бөбекжай – балабақшасы КМҚК-на жұмысқа орналастым – дейді Замира Ақылбекқызы.


Қазіргі таңда аталмыш бағдарламаның арқасында тұрақты жұмыспен қамтылған жас маман көтерме жәрдемақыға ие болған. Сонымен бірге, 2020 жылы аудан орталығынан үй алу үшін кезекке де тұрған. Міне, мектепке дейінгі мекемеде педагог - психолог болып қызмет атқара жүріп, өткен жылы аталмыш бағдарламаның арқасында үйлі-жайлы болып отыр.
Арнайы білімі бар маман ретінде ауылдан үй сатып алуға несиелік қаржы беріледі. Ең жақсысы, бұл – мемлекеттен берілетін несие. «Дипломмен ауылға» мелекеттік бағдарламасының біз сияқты жастар үшін пайдасы зор - дейді Замира.
Жас маманның балабақшада қызмет істегеніне екі жылдай уақыт болыпты. Әрине, қалада қалып, сол жақта қызметке орналасып көруге де болар еді. Алайда, ол таңдауына еш өкінбейді, мұндағы ұжымы да жақсы. Қазір өзінің баспанасы бар, арнайы төленетін көтерме жәрдемақының да көп көмегі тигенін айтып, бүгінін ғана емес, өз болашағын да осы жермен, ауылмен байланыстырғысы келетінін жеткізді. Себебі, ауыл – қазақтың алтын бесігі емес пе.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз