Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС-індегі ядролық реакторындағы жарылыс апатының 35 жылдығына орай, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жауынгерлік және еңбек даңқы залында патриоттық сабақ өтті.
Мұражай қорының сақтаушысы Клара Смаилова ұйымдастырған іс-шараға Көкпекті орта мектебінің кадет сыныбының оқушылары қатысты. Клара Рафикқызы қатысушыларды сол алапат апаттың тарихымен таныстырып, тақырыптық стенд көрсетті. Сондай-ақ, шара аясында оқушылар назарына арнайы дайындаған әдеби монтаж бен апат туралы бейнеролик ұсынылды.


Патриоттық сабақтың негізгі мақсаты - сол жылдардағы оқиғаларға оралу, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқандарға құрмет көрсету және осы қайғылы жағдайдың салдарынан өмірін құрбан еткен жандарды еске алу.
1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясында апат болды. Сарапшылар оны адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі деп атайды. ЧАЭС-тегі қайғылы оқиғалардың шынайы себептері әлі толық анықталған жоқ. Қарусыз майдан аталып кеткен апат салдарынан талай адам қиындық көрді. Осы күнге дейін миллиондаған адамдардың өміріне белгілі бір дәрежеде әсер еткен осы оқиғаның салдарының ауқымы толық бағаланбаған. Чернобыль бәріміз үшін қатал сынақ және қатал сабақ болды. Біз өз денсаулығы мен өмірін құрбан ете отырып, радиацияның одан әрі таралуына жол бермегендердің бәрін құрметтейміз. Олар ерліктің, батылдықтың және қызметтік парызға адалдықтың үлгісі ретінде біздің жадымызда мәңгі қалады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз