Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болуы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының иегері, ХХІ ғасырда Қазақстанның туын аспандатып, тұтқасын ұстар тірегі жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті ұрпақ. Оқушы жетістігі әрқашан ұстазын қуанышқа, шаттыққа бөлейді. Өнерде де, білімде де, спортта да биік белестерден көрініп жүрген оқушылар жетерлік. Солардың бірі, Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 6 сынып оқушысы - Еркежан Айдарханова.
Еркежан Айдарханова 2008 жылы 10 тамызда Үлгілімалшы ауылында дүниеге келген. Отбасындағы үш баланың кенжесі болғандықтан есімін ата-анасы Еркежан деп қойыпты.
Еркежан – өте талантты, өнер мен білімді ұштастырып жүрген алғыр да жан-жақты оқушы. Еркежанның тағы бір қыры өзі білім алып отырған Абай атындағы мектеп-балабақша кешенде үкілі домбыра үйірмесіне қатысады, сондай-ақ осы үйірме негізінде құрылған «Балдаурен» домбырашылар оркестрінің мүшесі болып, 2019 жылы 1 қарашада Семей қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ар-налған «Ұлттық ұлы мұрасы» атты Халықаралық өнер және білім фестивалінде «Аспапта ойнау» бөлімі бойынша Дипломант атанған.


Еркежан – сабырлы, мейірімі мол, сыныптастары мен мектеп оқушылары арасында беделді оқушы, мектеп мақтанышы. Қазіргі елде болып жатқан төтенше жағдайларға қарамастан, өздігінен ізденіп онлайн байқауға қатысты. Ол Республикалық "Бойтұмар. КZ" журналынын ұйымдастыруымен өткен байқаудан "Көркем сөз" номинацииясы бойынша бас жүлде иегері атанды.
Аталмыш сайысқа Еркежанды дайындаған ұстазы Бұлбұл Еңсебаеваның еңбегі зор. Еркежан тек онлайн сайыстарға ғана емес, 2019 жылы 6 желтоқсанда Алматы қаласында өткен "Тәуелсіздік - жыр әнім" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңімен қатысып І орын иеленеді.
Еркежанның музыкалық жетекшісі Гүлмира Рахимова: «Ол - үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсете алатын, болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы», - дейді.
Мектеп мақтанышына айналған Еркежанға, келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын демекпіз. Алда талай асу, белестерді бағындыра бер!

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз