Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының білім беру бөлімімен қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарылып, онда оқушыларға көмек көрсету, әрбір оқу пәні бойынша ағымдағы және қорытынды бақылау тәртібі белгіленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 01.04.2020 №123 "Білім беру ұйымдарында, пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" бұйрығы негізінде, 2020 жылдың 6 сәуірінде аудан мектептері қашықтықтан оқытуға көшеді.
Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 4077 оқушы оқиды, оның ішінде 2851 оқушы қазақ тілінде , 1226 оқушы орыс тілінде оқиды. Ауданда 3637 оқушы онлайн режимде, оның ішінде интернет арқылы 1720 оқушы, 1917 оқушы мобильді интернет арқылы оқиды. 440 бала қағаз тасығышта оқитын болады.
Білім беру ұйымдарымен қашықтықтан оқыту үшін 286 компьютерлік техника берілді. Оның ішінде 115 көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, 82 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға, 20 компьютер - басқа санаттағы балаларға, 69 компьютер - педагогтарға берілді.


Қашықтықтан оқытудың қосымша элементі қазақ тіліндегі "Балапан" және орыс тіліндегі "Ел Арна" телеарналары бойынша бейне сабақтар болады. 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап белгілі бір кесте бойынша "Балапан" және "Ел Арна" телеарналары теледидар арқылы сабақ беруді ұйымдастыратын болады. Аудан бойынша 2757 оқушы "Балапан" арнасын және 831 оқушы "Ел Арна" арнасын көруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар сабақтар арнайы интернет-платформалар арқылы өткізіледі. Bilimland.kz, Sabak.kz, Aitube.kz, Youtube.com Zoom, WhatsApp, Skype, Moody, Opiq.kz және т. б. Осы платформаларды пайдалану арқылы пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылатын болады.

Көкпекті аудандық білім беру бөлімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз