Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан 31 жыл бұрын Ауғанстандағы онжылдық соғыс біткен болатын. Алайда, Отанымыздың тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғалар сипатталмаған. Тарихты білу қажет, оны білмейтіндер өткендегі адамзат қателіктерін қайталауға мәжбүр болады. Өткен аптада Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай жерлес интернационалист жауынгерлерге арналған ерлік сабағы өткізілді.


Іс-шараға аудандық мәдениет үйінің директоры Н.Тоенкенов және арнайы шақырылған Ауған соғысына қатысушы ардагерлер Асылбек Мұқашев, Мұрат Рақымбеков, Қайрат Жанбаев, Ерлан Жұмажанов, Аян Халиулдин, Көкпекті ауданы Қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары майор Дәулетқан Дужанов, Жастар орталығының бас маманы Ақбота Асылханова қатысты. Тарихи-өлкетану мұражай қорының сақтаушысы К.Смаилова балаларды Ауғанстан жерінде қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған стендпен таныстырды. Сондай-ақ, ауғандық жауынгерлердің ерлік істері жайлы қысқаша баянданды. Біздің отандастарымыздың ерлік үлгісі жас ұрпақты тәрбиелейді. Ауданда патриоттық клубтар ашылған және әр мектепте патриоттық тәрбие беру бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Біздің отандастарымыз, осы соғыста батырлықпен ант беріп, батылдық танытып, ерлік, қаһармандық көрсетті. «Сіз бен біздің міндетіміз балалар тарихта қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыстан оралмаған жауынгерлерді еске алып және бүгін бізбен бірге өмір сүріп жатқан отандас Ауған ардагерлеріне өшпес ерліктері үшін алғыс білдіреміз», - деді Клара Рафикқызы өз сөзінде. Ұйымдастырылған іс-шарада Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, қатысушылар Ауған жауынгерлерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Көкпекті орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Омарованың басшылығы және мектеп мұғалімдері Н.Шекенрва, Е.Ғабитханов, Р.Орынбековтің жетекшілігімен Л.Фахрутдинов атындағы әскери-патриоттық клуб ұландары көрермендерге Қазақстан-дықтардың Ауған соғысына қатысуы жайлы әдеби сазды монтаж, слайд және шағын фильм көрсетті. Кездесу барысында балалар интернационалист-ардагерлерден жауынгерлік борышын өтеу кезінде қандай қиыншылықты бастан өткерді, жаумен соғысу қаншалықты оңай болмады және Ауғанстанға борышын өтеуге барамыз дегенде туған-туыстарыңыз қалай қабылдады деген секілді сауалдар қойды. Асылбек Орынбекұлы мен Мұрат Емелбайұлы сонау Ауған жерінде қару асынған сәттерін еске ала отырып, туған жерге аман-есен оралу, отбасының және достардың жүздерін көруге деген ұмтылыс соғыс қиындықтарына төтеп беруге рух бергенін баяндап берді.
Қорыта келе, Клара Рафикқызы ауған жерінде болған оқиға әлемдегі сұрапыл соғыстың бірі екенін, ал оған қатысқан біздің отандастарымыз, ең алдымен азаматтық борышын отансүйгіш, интернационалист ретінде өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсететін деп атап өтті. Аға буын өкілдерінің Отан алдындағы борышына адалдық жеңіске деген ұмтылыс ерік-жігер, батылдық оларға қорқынышты жеңе білуге және жауға қарсы тұруға көмектесті. Соған дәлел ретінде мыңдаған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлерге Ауғанстан Республикасына интернационалдық көмек көрсетуде жанқиярлық күресі және ерлігі үшін мемлекеттік марапаттар берілді. Ерлік сабағынан кейін балалар мұражай экспонаттарымен танысып, танымал жерлестер туралы көптеген қызықты деректерді білді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз