Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шараларлар Үлгілімалшы ауылында да өтуде. Абай атындағы мектеп-балабақшасының бастауыш сынып оқушылары арасында мектеп кітапханашысы Ақмарал Ақатаева және ауыл клуб меңгерушісінің бірлесе ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа» атты кеш өтті. Шараның мақсаты ұлы Абайды дәріптеу, өмірбаянымен таныстыру, ақынның шығармашылығынан үзінділерді мәнерлеп оқу, слайттар көрсету, кітап көрмесін ұйымдастыру арқылы оқушыларға мағлұмат беру. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы мектеп кітапхана оқырмандары белсенді оқушылар Қарақат Төкенова пен Аяла Қажетованың жүргізуімен іс-шараның басында Ұлы Абайдың өмірбаяны таныстырылды. Оқушылардың ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуының өзі халықтың Ұлы перзентіне деген зор құрметтерінің белгісі. Сонымен қатар Жанерке Ысқақ «Желсіз түнде жарық ай» әнін керемет орындады. Гүлназ Қизатова да ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба»

атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Абайдың қарасөздерінің өзін тыңдаған әр қазақ баласының санасына ой түйсе деген мақсатта қарасөздері де айтылып шықты және оқушылардың «Құмырсқа мен Шегертке» атты көріністері де сәтті шықты. Бұл іс-шарада кітап көрмесі, слайд, стент газеттер де дайындалды. Іс-шара соңында Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Шамилқызы оқушылардың бүгінгі кештегі өнерлеріне баға беріп ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ұлы Абайға деген құрмет пен іс-шаралар жыл бойы жалғасын таппақ.

М.Мырзабекова,
Үлгілімалшы ауылдық клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз