Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Үлкенбөкен мектеп–балабақша кешенінде «Абай дара, Абай дана» деген атаумен кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға кеңінен таныстырылды.
«Абайды оқы таңырқа» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында кітапханалық сағат өтті. Абайдың тағылымын оқушылардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында өткізілген бұл іс-шарада оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, сабаққа белсене қатысты. Абайдың өлеңдерін мәнерлеп, аса бір шеберлікпен орындаған оқушылар жиналған қауымды тәнті қылды.

Жалпы оқушылардың рухани-адамгершілік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда оларға Абай өлеңдері айтқызудың маңызы зор. Себебі оқушылар Абай өлеңдерін жаттау арқылы ойы дамиды. Сондықтан, қазақтың әр баласы Абай өлеңдерін жатқа білу керек. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек замандарда гауһардай жарқырап , көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.


Ж.С. Оспанова,
кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз