Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шебер ұстаздың мақтанышы - дарынды оқушысы болса, дарынды оқушы – мектептің және елдің мақтанышы.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куеубаева Саягүл Назарбекқызы да дарынды оқушыларының жетістіктерімен сан мәрте мақтанып та марқайып жүрген ұстаздардың бірі. Осы сөзіміздің дәлелі, ағымдағы жылдың 2 қарашасында Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі өткізілген болатын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Павлодар т.б. өңірлерден жиналған бұл үлкен додаға Мамай ауылы Аманкелді атындағы орта мектебінен апарған үш оқушысы да жүлделі орындарға ие болды.


Атап айтқанда, 8 сынып оқушысы Махаббат Куеубаева көркемсөз оқудан күміс жүлдеге лауреат, 9 сынып оқушысы Алқа Кактаева мәнерлеп өлең оқудан күміс жүлдеге лауреат атағына ие болса, 9 сынып оқушысы Балғын Шаяметова көркемсөз оқудан ІІ дәрежелі диплом иегері, яғни дипломант атанды.
Бұл орайда балаларына қолдау көрсеткен ата-аналардың еңбегінің зор екенін айтпай кетуге болмас. Осындай ынтымақтастығы жарасқан (ұстаз, ата-ана, оқушы) жандардың әлі талай асуларды бағындыратына сеніміміз мол.

Ж.Төлеубаева,
Мамай ауылы «Аманкелді атындағы орта мектебі», «Зерде» дарын орталығының жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз