Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» атты әскери патриоттық клубтардың арасында салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш шараға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудан  мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, әскери жетекшілер қатысты. 

Елбасы өз Жолдауында жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін елімізде «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубын құру керектігін айтқан болатын. Осы шарада Көкпекті ауданында құрылған «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының курсанттары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Республикалық «Тәжік ауған» шекарасындағы жауынгерлік іс-әрекеттер және әскери қақтығыстарының ардагерлер одағының қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Алау» облыстық әскери-патриоттық ойындардан І орын алды. Жас сарбаздарды және оларды тәрбиелеп жүрген офицер жетекшілеріне аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы құттықтау лебізін білдірді.


- Құрметті әріптестер, құрметті жас сарбаздар! Елбасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Жастардың мемлекеттік саясатын қолдау бойынша жастарға патриоттық сезімдерін тұсіндіру бойынша өскелең ұрпаққа өз Отанын қорғауды міндеттеген және жастарға әскери тәрбие беруді мақсатқа алған болатын. Бүгінгі салтанатты жиынға келіп отырған жас сарбаздарды жеңістерімен құттықтаймын, - деді Марат Қапарұлы.
Сонымен қатар, салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы ШҚО Қорғаныс ісі жөніндегі Департамент басшысы полковник Қ.Қайырхановтың атынан Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының мақсатында Республикалық «Ең үздік алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі және оқытушы ұйымдастырушы 2019» сайысында жігерлі белсенділікпен қатысып педагогикалық шеберлігімен дараланған өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білімдерін шыңдауды кәсіби шеберлігі зор еңбегі үшін мадақтама мен алғыс хаттар табыстады. Марпапатқа Көкпекті ауданы білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова, білім бөлімінің АӘД пәні бойынша әдіскері Т.Касайынов, Көкпекті орта мектебінің директоры Н.Сарманова мадақтамаға ие болды. Ал Көкпекті орта мектебінің АӘД пәні мұғалімдері Талғат Тұрсынов, Ержан Ғабитханов, Бекболат Рахимовқа алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, бұл күні «Республикалық ардагерлер одағының қоғамдық бірлестіктің «Үздік АӘД оқытушы ұйымдастырушы» Талғат Тұрсынов, «Қазақ батыры» Ержан Ғабитханов, «Әскери-патриоттық жұмысқа белсене қатысқаны» үшін медальдарымен ардагер ұстаз Бекболат Рахимов және Көкпекті ауданы Қорғаныс істері бөлімінің әскерден тыс жұмыстары бойынша инспекторы Айнаш Қайыпжан марапатталды.
Сонымен қатар, салтанатты іс-шарада Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Мұхтар Жақсыбайұлы Алтынбеков, Ауған соғысының ардагері Мұрат Рахимбеков те құттықтау сөз сөйлеп, Көкпекті орта мектебіндегі Латиф Фахрудинов атындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтың курсанттары Э.Ермеков, Е.Қайырлы, Б.Жексенбеков, Ә.Тілеубергенов, Е.Тұрсынов, Д.Мұратханова, А. Құмарова марапатталды.
Марпаттау рәсімі аяқталысымен саханаға меморандумға қол қою үшін Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы майор Мұхтар Алтынбеков және Көкпекті ауданы білім бөлімінің әдіскері Талғат Касаинов шықты. Салтанатты шара соңы мәдениет үйі қызметкерлерінің мерекелік концертіне ұласты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз