Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 30-31 қазан күндері Семей қаласында Теміржан Базарбаев атындағы l Республикалық байқау өтті.
Аталмыш байқауда Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебінде тәрбиеленетін оқушылар жүлделі орындар алып келді. Олар Семей шахарының саханасында хор, вокал, домбыра аталымдары бойынша өнерлерін көрсетті.
Байқауда хор аталымы бойынша екі әнмен 14 бала қатысып, жүлделі ІІ орын (жетекшісі: Ахметжанова Д.Б ), вокал бойынша бағын сынаған қатысушылар арасында жүлделі ІІІ орын Дина Ақылбаева, Аида Базарханова, Жанэль Акижанова (жетекшісі: Ахметжанова Д.Б), Алуа Тоқтароваға бұйырса (жетекшісі:

Есполова А.Е), Бас жүлдені Бекзат Талғатбекұлы қанжығалады (жетекшісі: Ахметжанова Д.Б). Ал күй номинациясынан қатысқан Ризаева Гүлденіміз ІІ орынға ие болды. (жетекшісі: Шекенова Б.Ш). Барлық оқушылар грамотамен және лауреат медальдарымен марапатталып, жетекшілерге Алғыс хат табысталды. Жүлдегерлерге мадақтама қағазы мен кубоктер табысталды.
Ауданның атағын республикалық деңгейде асқақтатып жүрген жас өнерпаздардың өз ата-аналарына және Балалар өнер мектебінің директоры Асқар Сүлейменовке алғыстары шексіз. Өнерлі жастардың қанаттары талмай, алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ  

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз