Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,-деген өлең жолдары ұстаз алдын көрген әр адамның санасында өшпестей жазылып қалады. Күз айының осы бір күндері қарсаңында білім берген ұстаздарды кәсіби мерекесімен қалай құттықтасам екен деп ойланасың, өзіңнің ұстаз алдындағы кейбір қылықтарың есіңе түседі.  Мен әрине, жылдағыдай өзіме білім берген мұғалімдерімді құттықтауды ұмытпаймын. Бірақ, биыл айрықша бір ой келді. Мен төрт баланың әкесімін. Бар балам бір мектепте білім алды, алды жоғарғы оқу орнын аяқтап, еңбекке де араласты. Меніңше, осының барлығы тәрбиеге байланысты. Үйде берген тәрбие мен мектептегі ұстазының тәрбиесі ұштасып жатса, бала мұғалімінің де, ата-анасының да сенімін ақтайды.

 «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»,-дейді. Менің балаларым білім алған Самар ауылындағы Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектептің ұстаздары туралы осылай деуге болады. Үлкенім Динат, ондан бір сынып қана төмен оқыған Данияр, одан кейінгі ұлым Дидар, кенжем әрі үшеуінің ортасындағы жалғыз қызым Әсел осы мектепті аяқтаы. Динат – заңгер, Данияр – дәрігер, Дидар – инженер, ал Әсел колледжді аяқтап, металлургия саласы бойынша білімін жалғастыруда. Қазіргі күні оларға білім берген ұстаздарының көбі зейнеткер. Олардың әрқайсысының атын атап бөле-жару керек емес деп ойлаймын. Бүгінгі жастар олардан үйренсін, үлгі алсын. Ертеңгі күні оларға да шәкірттері мен олардың ата-аналары алғыс айтатын болады.

 Оқушының қоғамдық жұмысқа белсене араласуы, сабағына үлгеруі ұстазға байланысты. Олардың бойындағы туған ата-анасы байқай бермеуі мүмкін, ал ұстаздар қалт кетпейді. Менің балаларыма сондай ұстаздар кезіккеніне мен шүкіршілік етемін. Үш ұлым да, қызым да спортпен айналысты, олар разрядты спортшылар болғандықтан білім алған жоғарғы оқу орындарында үнемі жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып жүрді. Ұлдар күреспен айналысса, Әсел волейбол ойнады. Ж.Болғанбаев атындағы мектептің қыздар командасы республикаға әйгілі, олар сол дәрежеден әлі түскен жоқ.

 Кәсіби мерекелері қарсаңында аталмыш мектептің байырғы ұстаздарын, қазіргі ұжымды шын жүректен құттықтаймын. Қашанда зерек шәкірттер, зор денсаулық тілеймін. «Ұстаз – шәкіртімен мың жасайды»-дейді, сіздер де мың жасаңыздар!

Н.Мусин, Самар ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз