Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Көкпекті ауылындағы «Көкпекті-Толағайы» балабақшасындағы «Жұлдыз» және «Пчельки» тобының тәрбиешілері Асел Сарманова мен Гүлнара Ибраимова ұйымдастыруымен «Берекелі алтын күз» ертеңгілігі өтті.


Күз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл ертеңгіліктің ерекшелігі балдырғандар мен ата-аналардың барлығы жеміс-жидек пен көкөністің кейпіне еніпті. Уілдей соғып, айнала билеп ортаға келген жел балаларды бір сергітіп, ойын-ойнатып көңілдерін көтерді. Осы жылдың иесі ақ қоян өзінің соңғы айларында тамаша мереке өткізіп жатқан балаларға келіп, алғысын білдіріп, олармен қызықты ойын ойнады.
Балалар күз, отан туралы тақпақтар айтып, ән шырқады. Күз ханшасы келіп, балаларға күзгі бақ, көрінісін ұсынды. Бақшабай атайдың бақшасында піскен қызанақ, орамжапырақ, қияр, сәбіз тағы басқа көкөністер өз өнерлерін көрсетті.
Ең үлкені үштен асқан балалардың тәтті тілі мен қылықтары көрермендерді баурап алды. Ата-аналар осы топтың тәрбиешілеріне алғыс айтып тарасты.

К.Туенбаева,
балабақшаның қазақ тілі пәні мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз