Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 2009 жылдан бері іске асырылып келеді. 2018 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 62 455,8 мың теңге қаржы игерілді, соның ішінде тұрғын үй сатып алу үшін 21 жас маманға 59 088,8 мың теңге бюджеттік несие берілді, 20 жас маманға 3 367,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес айқындалған.


1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2019 жылдың 8-18 сәуір аралығында «тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит ұсыну әлеуметтік қолдау шарасы» бойынша құжаттарды қабылдау басталады.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi; сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер; тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда); неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда); аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда).
Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқада және көшірмелерімен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күні қайтарылады.

Толық ақпарат алу үшін Көкпекті ауылы, Ш.Фахрутдинов көшесі, үй №44 «А» мекен жайында орналасқан

«Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не жолығуларыңызды сұраймыз. Анықтама телефоны: 2-10-81

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз