Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылдық округте білім беру мекемелері қатарында Көкжайық орта, А.Пушкин атындағы орта және Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектептері, «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасы бар.
Ауылдық округтің әкімшілігінен кейін жеке меншік «Бөбек лүпілі» балабақшасына барумен жалғастырдық. Балабақша меңгерушісі қызметін биылғы жылдың тамыз айынан бастап Ермек Оспанова атқарып отыр екен. «Естеріңізге сала кетсек, бұл балабақша 2015 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік жекеменшік серіктестігі аясында пайдалануға берілген. Бұл ғимараттың бой көтеріп, сән-салтанатымен іске қосылуына ауданымыздың ірі кәсіпкері, демеуші азаматы Болат Миғражұлы Бекбердинов өз құзырына алған болатын. Жеке кәсіпкер 15 миллион теңге өз қаражатына салдырған балабақшаның арқасында 40 бүлдіршін тәрбиеленіп, 21 адам жұмыспен қамтылып отыр. Балабақша меңгерушісінің айтуынша, «Елімай» шаруа қожалығында жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары тегін негізде тәрбиеленсе, қалған бүлдіршіндер үшін төлемақы 50 пайыз жеңілдікпен төленеді.Тәрбиеленушілер үшін барлық жағдай жасалған.


-Үш жыл бұрын ашылған «Бөбек лүпілі» балабақшасының жұмысы біршама жақсы жолға қойылған деп айтуға болады. Сондай-ақ, жыл бойы жүргізілетін мерекеге біздің демеушіміз «Елім – ай» ШҚ басшылығы көп көмегін тигізеді. Балабақшаға жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазіргі кезде 2 топ мемлекеттік тілде жұмыс жасайды. «Балдырған» тобы 2-3 жас, «Балауса» тобы 4-5 жас аралығында. Бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мем-лекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл дамыту, айналамен таныстыру, валеология, сауат ашу секілді пәндер оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залдар жұмыс істеп тұр. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша ұжымы аудан көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Бірнеше рет алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу, - деді өз сөзінде балабақша меңгерушісі.
Қорытындылай келе, балабақшадан тәлім алатын әрбір бүлдіршін зейінді, жеке тұлға болып ержетсін, ал тәрбиешілері бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілеті мен дарынын аша берсін дейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз