Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты А.С.Пушкин атындағы ОМ «Елбасына алғысымыз шексіз» атты меркелік ісшара өтті. Мерекелік концертті 10 сынып оқушылары Шырын Ринатова мен Дана Неспаева Тұңғыш Президенттің өмір жолымен таныстырып ашты. Алғашқы құттықтау сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Садықова сөйледі. Елбасының балалық шағынан көріністі 10 сынып оқушысы Көркем Бидахметов жіне 6 сынып оқушысы Олжас Матаев орындады.

Бастауыш сынып оқушылары өлең шумақтарын оқыды. Ал мектебіміздің даяр-лық тобының бүлдіршіндері «Топ-топ, балақан» атты әнді орындап шықты. Сонымен қатар мектебіміздің биші қыздары «Қамажай» биін, 2 сынып оқушылары «Бақытты балалық шақ» әнін орындады.
Осындай Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз дей отырып, «Атамекен» әнімен кешті аяқтады.


А.С.Пушкин атындағы орта мектеп ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз